Медовый торты

Айжан тұрмыс құрғалы үйіне құтты болсын айтып бара алмаған болатынбыз. Бүгін барып тәтті шәйін ішіп қайттық. (Атыраулықтар мақамымен) мәәә-ә-Ә-ә, бәрімізді жеті қайтара тойғызды: қара еттен қазысы көп дәмді ет асқан, көзді жаулап алатын түрлі түрлі салаттар мен төмендегідей «қарап-ақ тоятын» торт жасапты. Айжан, басы бос қыздардың «пысық» болуы – ғажап емес, тұрмыс құрып – жұмыс пен үй жұмыстарында бірдей «пысық» бола алатындар болса – санаулы. Саған дән риза болдық – жарайсың! қолдарына күш-қуат!

– 2 жұмыртқа
– 1 стакан қант
– 2 ас қасық бал
– 2 ш.қ. сода
– 100 гр сары май
– 2,5-3 стакан ұн

крем:
– 1 сгущенка
– 200 гр сары май

Жұмыртқа мен қантты жақсылап миксерлеңіз. Бөлек ыдысқа сода + бал мен сары майды қойып, «буға» пісіріңіз. Астын өшіріп, жұмыртқа қоспасын қосып тез араластырыңыз. 2,5 стакан ұн қосып қасықпен араластырыңыз да, үстелдің үстіне де ұн сеуіп, қолға жабыспайтын жұмсақ қамыр илеңіз. 6 бөлікке бөліңіз. Үлкен тарелка шеңберінде әрбірін жайыңыз. Духовкада әрбір шеңберді пісіріңіз. Піскен қамырды суытып, тарелканы үстіне қойып артық жерлерін кесіп тастаңыз. Кесілген жақтарды ұнтақтап бөлек қойып қойыңыз.

Крем үшін – сгущенканы сары маймен араластырыңыз. Торттың арасына крем жағыңыз. Ең үстінгі қабатқа да крем жағып, қамыр ұнтағынан молырақ етіп себіңіз. Енді торттың үстіне 2,5 кг салмағында ауыр бір нәрсе қойып, қабаттар арасындағы кремнің сіңіп, торт формасы жақсы болуын қадағалаңыз. Торттың 1 күн бүрын жасалынуы жақсы.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: * досымның мәзірі. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s