Шоколад соусы бар кекс

Профитерол авторынан тағы бір туынды. өте дәмді. Аспаз қанша «мөлшерлерін білмеймін, шамалап жасаймын» десе де, артынан жүріп ақыры жазып алдым. профитерол рецептін жаза алмай қайттым бірақ та, «ендігіде бірге жасайық, әйтпесе түсіндіру қиын» дегеніне көніп :) ‘ұмытып қалды’ демеулеріңіз үшін ақталған түрім ғой.

– 4 жұмыртқа
– 1 стакан қант
– 1 стакан сүт
– 75 гр сұйық май
– ұн
– разрыхлитель
– ванилин

соус:
– 3 стакан сүт
– 4 қасық ұн
– 1 пакет какао
– 150 гр қант
– 200 гр қара шоколад

Қамыр үшін – жұмыртқа мен қантты жақсылап араластырыңыз қант толық ерігенге дейін. Қалған заттарды да кезек кезегімен қосып кекс қамырын жасаңыз.

Соус үшін – бәрін араластырып, баяу отқа қойып пісіріңіз. Шоколад қосып, шоколад толық ерігенге дейін ошақ үстінде ұстаңыз да, еріген кезде астын өшіріп, піскен кексттің үстіне ыстықтай құйыңыз. Қалауыңыз бойынша үстіне кокос талшығын сепсеңіз болады.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: * досымның мәзірі. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s