Monthly Archives: Сәуір 2008

шалғам мен тұрып салаты

Алматының ауа-райынай! Кеше ғана жылы болды, бүгін болса жаңбыр жауып, күн күрт суып кетті. Алдымыздағы 3 күндік демалыста жақсы болса екен ауа-райы… көп нәрсе жоспарлап қойған болатынмын… жақсы болса екен… – шалғам– тұрып– майонез– аскөк– аздап тұз Шалғам мен тұрыпты … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезді) | 2 пікір

Tон ішінде кекс

Бұл кекс, кекстен көп бөлек-бөлек піскен пирожныйға ұқсайды. Дастархан үстінде де әдемі көрінеді. Кезінде бұл рецептті Айнұр апайдан алып, жасап көру керек деп жүргендерімнің тізіміне қосқан болатынмын. Бүгін болса түскі шайға келетін мамамның достарына жасап көрдім. Рецептті жасаған өзгертулеріммен беріп … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: кекстер | Пікір қалдыру

ақ пен қара ниет

Бұл печеньені жұмыстағы бір қызға жасаған болатынмын. себеп: кеше онымен бір мәселе жайлы әңгімелесе отырып бір түрлі ортақ келісімге келе алмағанымыз. Содан «жүрегімізде қарадан көп ақ ойлардың басым болуын тілейік» сөздерімен төмендегідей печеньелерді таңғы шәйымызға ұсынғанымда құрбым еріксіз күліп, келісімсіздіктердің … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Печенье | Пікір қалдыру

Поғача (рogaca)

Бұл бәліштерді (түр. поғача) Гүлфия құрбымның дастарханынан көріп жасадым. Оның поғачалары сондай әдемі да дәмді болды – сөзбен жеткізу мүмкін емес. Жасалыну оңай болғанымен, поғача қамыры өӨөтее жұмсақ болған соң, бірдей үлкендікте поғача жасау қиынға соқты. Ол да тәжірибемен келетін … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ұн тағамдары | 2 пікір

шайға печенье

– 2 стакан қант– 2 жұмыртқа– 200 гр жұмсарған сары май– 5 гр ванилин– 3,5 стакан ұн– 10 гр разрыхлитель– шоколад талшығы Печеньелердің үстіне 1 жұмыртқа ағы мен 20 граммдай қант бөлек қалдырып, қалған заттардың бәрін араластырыңыз. Қалаған формада печенье … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Печенье | Пікір қалдыру

Гүлжаннат апайдың жеміс десерті

Кеше Қазақстанға бірінші рет келген қонақтарымызға Алматының әсем жерлерін көрсетіп, қазақ дастарханымен таныстыру мақсатымен Гүлжаннат апайдың үйіне кешкі асқа ала бардық. Ет-сорпа, қазы-манты-шашлык, қымыз-шұбаттан кейін төмендегідей дәмді десерт жеген болатынбыз. (жазып отырып ойланып қалдым… осыншама нәрсенің бәрі қалай ғана ішімізге … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: * досымның мәзірі, Десерт | Пікір қалдыру

жүгері қосылған картоп торты

– ірі картоптар– консервіленген жүгері– фарш– 1 жұмыртқа– пияз– қызанақ– томат– тұз / қара бұрыш Картоптарды аршып, майдалап тұрап суға пісіріп алыңыз. Жұмсарған картоптарға 50 гр сары май қосып пюре жасаңыз. Жүгері қосып араластырыңыз. Етті майдалап тұралған пиязбен бірге қуырыңыз. … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары | Пікір қалдыру

5 күнге жоқпын

жылдық демалысымнан біраз күн «жонып», Алматы-Астана–Павлодар–Алматы бағытымен қыдырып кеттім. осы уақыт ішінде инетте жоқпын. 18/04: сапардан суреттер фотосуретте

Орналастырылған санаттары: *** | Пікір қалдыру

Зәйтун қосылған маффин

Ұнды керегінен көп қосқаным үшін, маффиндерім мини нанға ұқсап қалды :( – 4 шұжық (сосис)– 20 жасыл зәйтун– 2 жұмыртқа– 3 ас қасық айран– 3 ас қасық сұйық май– 1 стакан үгілген ірімшік– тұз– қара бұрыш– ұн– 1 ш.қ. разрыхлитель … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: маффиндер | Пікір қалдыру

Жүгері талшықтары

– 2 қап дайын жүгері талшығы– 300 гр ирис кәмпиті (таңдауым – төртбұрышты Кис-Кис)– 200 гр сары май Иристерді майға ерітіп, ыстықтай жүгері талшығына қосып араластырыңыз. Әсіресе балалар бар үйде «хит десерт» болатының алдын ала ескертейін.

Орналастырылған санаттары: Десерт | 2 пікір

Табада піскен пицца

Рецепт Октай устадан алынғaн. Әсіресе духовкасы жоқ студенттер ұнатулары керек. Өте ыңғайлы да қолайлы. – 1 стакан ұн– 75 гр сұйық май– 75 гр айран– 1 ш.қ. разрыхлитель– 1 ш.қ. тұз үстіне:– 1 қызанақ– 1 ш.қ. томат– 2 ас қасық … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Пиццалар | Пікір қалдыру

Медовый торты

Айжан тұрмыс құрғалы үйіне құтты болсын айтып бара алмаған болатынбыз. Бүгін барып тәтті шәйін ішіп қайттық. (Атыраулықтар мақамымен) мәәә-ә-Ә-ә, бәрімізді жеті қайтара тойғызды: қара еттен қазысы көп дәмді ет асқан, көзді жаулап алатын түрлі түрлі салаттар мен төмендегідей «қарап-ақ тоятын» … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: * досымның мәзірі | Пікір қалдыру

Шоколад соусы бар кекс

Профитерол авторынан тағы бір туынды. өте дәмді. Аспаз қанша «мөлшерлерін білмеймін, шамалап жасаймын» десе де, артынан жүріп ақыры жазып алдым. профитерол рецептін жаза алмай қайттым бірақ та, «ендігіде бірге жасайық, әйтпесе түсіндіру қиын» дегеніне көніп :) ‘ұмытып қалды’ демеулеріңіз үшін … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: * досымның мәзірі | Пікір қалдыру