Етті бәліш немесе "беляши"

– 1 жарым стакан сүт
– 1 құрғақ ашытқы
– 1 ас қасық қант
– 1 ш.қ. тұз
– 50 гр сұйық май
– 2 жарым стакан ұн

ішіне:
– 500 гр майлы фарш
– 1 үлкен пияз
– тұз
– қара бұрыш

Жылы сүтке ашытқы мен қант қойып үстін 10 минутқа жауып қойыңыз. Ашытқы ашып көтерілуі керек. Көтерілген ашытқы ішіне тұз, май мен ұн қосып жұмсақ, сұйыққа жақын қамыр жасаңыз. Үстін жауып жылы жерге 30 минутқа қойыңыз. Қайта илеңіз. Керек болса ұннан қосыңыз, қолға жабыспайтын жұмсақ қамыр болуы керек.

Пиязды майдалап тұрап, аз майға қуырыңыз. Шикі фаршқа қосыңыз да тұз бен бұрышпен дәмдеп араластырыңыз.

Көтерілген қамырдан жұмыртқа үлкендігінде майда зуалаларды жасаңыз. менде тура осы өлшеммен 20 зуала шықты. Әрқайсысың қолмен жұқалаңыз да, арасына еттен қойып, ортасына тесік қалдырып жартылай жабыңыз. Таба ішінде қыздырылған майға тесігі бар жағымен салып үсті-астың қызартып пісіріңіз. Піскен бәліштердің үстін майлықпен жауып суытыңыз.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Ет тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s