"3-2-3" құймақтар

Гүлназдың үйінде 3 күн қонақ болып, төмендегідей әдемі құймақтарды жасауды үйреніп қайттым. Гүлназ бұл рецепттің ешқашан жаман болмағанын айтып, қызықтырған болатын. Кезінде рецептті сіңілісі Лейла берген екен. Құймақтарды үйге келе салып жасап көрдім. керемет болып шықты. енді сіздермен бөлісу уақыты..

Құймақтардың «3-2-3» аты құрамындағы «3 жұмыртқа, 2 стакан ұн мен 3 стакан сүт» дегеннен келеді. Есте сақтаудың оңай жолы.

– 3 жұмыртқа
– 2 стакан ұн
– 3 стакан сүт
– 100 гр сұйық май
– 4 ас қасық қант
– 1 шәй қасық тұз
– жарты шәй қасық сода

Бәрін бір табаққа қойып миксермен жақсылап араластырыңыз. Енді, таба үлкендігіне қарай бір ожау не одан аз құйып екі жағын қызартып пісіріңіз. Піскен құймақтардың үстін жауып суытыңыз. Қасына қаймақ қойып сервис жасаңыз.

п.с.: жоғарыдағы өлшеммен менде 25 шақты құймақ шықты. Одан аз жасайтын болсаңыз, өлшемді азайтыңыз.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Таңғы ас. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s