Ким-чи

Менің ким-чи неге қызыл түсті емес, ақ түсті болып қала берді? Тұздығын дұрыс жасамадым ба әлде? бәрін рецепттегідей жасағандаймын. бір нәрсесі дұрыс болмады әйтеуір – имбирь қоспағанымнан ба әлде? Youtube-тан да қарадым қалай жасалыну керегін.. Дәмін әлі көрмедім (2 күн салқын жерде тұруы керек екен), сонда да түрінен күмәнданып тұрғанымай.

(рецепт Ақбанудың дастарханынан алынған. Өлшемдерін сәл өзгертіп жасаған болатынмын, онысын да «амал жоқтығынан»)

– 1 кг Қытай қырықжапырағы
– 2 ас қасық тұз
– 1 литр суық су
– 0,5 литр қайнаған су

тұздық үшін:

– 3 ірі сарымсақ
– 1 ас қасық имбирь ұнтағы (мен қоспадым)
– жарты кішкентай пияз
– бір уыс көк пияз
– 1 ас қасық қызыл ашты бұрыш
– 1 ас қасық қант
– 1 ас қасық тұз
– 2 ас қасық томат

Қырықжапырақтың жапырақтарын бір бір етіп бөліп алыңыз да, салқын тұзды суға салып 8 сағатқа қойып қойыңыз. Қырықжапырақ тұздалып жатқан кезде жағымсыз иіс болатының алдын ала айтқан болайын. Қырықжапырақ тұздалып болған соң, салқын суда шайып, ірі ірі етіп тұраңыз. Бөлек ыдыста тұздық үшін қажет заттардың тұралатының майдалап тұрап, қосатының қосып қайнаған сумен араластырыңыз. Тұздықты қырықжапырақпен жақсылап араластырыңыз. Ауызы тығыз жабылатын ыдысқа нықтылап қойып, үстін жауып, салқын жерде 2 күндей ұстаңыз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезсіз). Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s