Жұмыртқа туралы

Таңғы асқа жұмыртқа пісіргенді аса қатты ұнатпаймын. Бірақ төмендегідей сары уызы жартылай сұйық піскен жұмыртқалар бөлек! Жұмыртқа жайлы нені білеміз, нені білмейміз – өзімізді тексеріп көрейік.

– жұмыртқаның ең құнды бөлігі – сары уызы. А, Б, В, Д витаминдерімен қатар, углевод пен минералды заттарға бай.
– жұмыртқаның сары уызы ағына қарағанда тез қорытылады.
– қабығындағы саңылаулардан (ор. поры) ауамен бірге микробтар да енуі мүмкіндігінен, қолданар алдында міндетті түрде жуып, ұзақ мерзімге сақтауға болмайды.
– 21 градус және одан ыстықта ұрық жетіле бастайды. Салқын жерде сақтаңыз.
– қайнатып пісіргенде жарылып кетпеуі үшін жұмыртқаны салқын суға салып, баяу жанған отқа қою керек.
– жарылған жұмыртқа ағып кетпеуі үшін, суға тұз салып пісіреді.
– жұмыртқаны суға қатты қайнатып пісіргенде белогы қатайып, сары уызы сұйылады, отын баяулатып пісіргенде, керісінше болады.
– жұмыртқаны ұзақ қайнатқанда оның витаминдік құндылығы төмендейді.
– қабығы тез аршылуы үшін піскен бойда салқын суға салып суыту керек

Жұмыртқаны сары уызын қатырмай сұйық пісіргенде – 3 минут, шала пісіргенде – 4 минут, уызын қатырып пісіргенде – 6 минут қайнату керек. Пісу уақыты су қайнаған сәттен есептелінеді.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Таңғы ас. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s