Түйме печенье

Кеш те болса, барлық құрбы-достарымды 8 наурызбен құттықтаймын! Армандар орындала берсін, қыздарики!

Гауһардың сайтынан түйме печеньелерді көргеніме көп болды. Жасауға сәт түспей тұрған болатын. Өткенде сол печеньені негізге алып жасадым да, үйде джемнің жоқтығын печенье пісе бергенде ғана байқадым. Сол үшін джем орнына сгущенка қолданылды. Печенье құрамын үйдегілердің талғамына қарай сәл өзгерткен болатынмын.

– 1 жумыртка сарысы
– 100 гр жұмсарған сары май
– 200 гр ұн
– жарты стакан қант пудрасы
– 2 ас қасық айран
– шәй қасықтың жартысындай ас содасы

үстіне:
– бір бір қасық коррица мен қант
– жұмыртқа ағы

Сары майды қант пудрасымен араластырыңыз. Жұмыртқа мен айран қосыңыз. Ұн мен сода қосып илеңіз. Жаңғақ үлкендігіндегі домалақтарды жасап, жұмыртқа ағына малып, корица мен қант қоспасына батырыңыз. Әр домалақтың ортасын ағаш қасықтаң сабымен тесіңіз. Енді 5-10 минутқа духовкаға қойып пісіріңіз. Қамыр көтеріліп тесіктер жабылып жатса, духовка есігін ашып қайта тесіңіз. Үсті қызарып піскен кезде, астын өшіріп, печеньелердің ортасына аз аздап сгущенка құйыңыз. Сгущенка сіңіуі үшін 5 минуттай күтіп, үстінен сгущенка толтырыңыз.

п.с.: Үйдегілердің айтуынша «шәй ішкізетін» жақсы печенье болды. Гауһарға үлкен рахмет!

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Печенье. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s