Етті құймақ

Қазір түнгі сағат 2.. үйге жарты сағат бұрын келдім. Қайдан ба? МАГНУМ магазинінен! негізі, бұрындары да айтқанымдай, шопкер (күшті қазақшаладым, иә?) емеспін, магазин/базар аралағанды оңша ұната бермеймін… бірақ ас үй немесе жалпы үйдің заттарына арналған магазинде сағаттап жүре аламын. Ешнәрсе алмасам да, ананы-мынаны қарап аралап жүргеннің өзі бір рахатизм ғой! Магнум – Абай көшесі бойында, Момышұлы көшесіне жетпей орналасқан үлкеееен сауда орталығы. Іші үлкен қойма сияқты: заттардың түр-түрі бар, бағалар да Гросс пен Скиф сауда үйлеріндегінен бірталай арзан және ең маңыздысы – магазин тәулікбойы жұмыс істейді! Соол.. барып көріңіз. Мен сияқты түнде қайтпайтыныңызға кім кепіл? :)

Магнуммен «таныстырғаны» үшін Гүлназ досыма үлкен рахмет!

– 2 жұмыртқа
– 2 ас қасық қант
– 1 шәй қасық тұз
– 1 стакан ұн
– 500 гр сүт
– 100 гр сары май

– фарш
– майдалап тұралған пияз
– 1 ш.қ қара бұрыш
– тұз

Етті пиязбен бірге қуырыңыз. Тұздап, бұрыштаңыз. Суытыңыз. Құймақ қамыры үшін жазылғанның бәрін араластырыңыз. Бір ожау мөлшерінде үлкен табаға құйыңыз. Құймақтың біркелкі жайылуына табаны көтеріп көмектесіңіз. Шеттері қызара бастаған кезде, құймақты айналдырып, екінші жағын да қызартып пісіріңіз. Дайын құймақты бір табаққа алып, ол табақтың бетін жауып қойсаңыз, құймақтар кеуіп қалмай жұп-жұмсақ болады. Барлық құймақтарды пісіріп болған соң, әр құймақтың ортасына еттен салып, қалаған формада ораңыз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Ет тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s