Тефтель емес, котлет!

Кеше кешкі асқа алтын уақытымның 2 сағатын жұмсап, төмендегі котлеттерді жасаған болатынмын. Үйдегілердің ұнатып жегеніне қарап, іждағатым (ор. усердие) зая болмағанына қауанғаным сол еді, «рахмет, тефтельдер дәмді болды» дегендері мені «өлтірді»! ;)) Негізі тефтельдерден төмендегідей котлеттердің 3 айырмашылығы бар: (1) тефтельдер сорпа ішінде жеңіледі, яғни картоп анау-мынау қосылады; (2) тефтельдерге күріш қосылады; (3) тефтельдер төмендегі котлеттердей дәмді бола алмайды! мүмкін емес! :) суреттегілер мен жасағаным емес. менікілер біраз сүйкімсіз шыққаны үшін Нұрай апайдың жасағанын іліп тұрмын

– 1 кг фарш
– 1 үлкен пияз
– жарты стакан булгур
– 1 жұмыртқа
– 2 қасық томат
– 1 литр ет сорпасы
– 1 ас қасық ұн
– тұз
– 2 ш.қ қара бұрыш
– 1 ш.қ ащты қызыл бұрыш

Пиязды майдалап тұрап майға қызыл бұрыш қосып қуырыңыз. Фаршқа тұз + қара бұрыш + пиязды қосып жақсылап араластырыңыз. Булгурды жуып, етке қосыңыз. Жұмыртқа қосып, кем дегенде 10 минут илеңіз (араластырыңыз емес – илеңіз!). Қазаншыққа аздап май құйып, оның ішіне томат қосып қуырыңыз. Ет сорпасын құйып қайнатыңыз. Сорпаның қоюлануы үшін, ұн қосыңыз. Фарштан бірдей үлкендікте кішкентай домалақтарды жасап (асығыс болғанымнан менікілер бірдей болмай қалды, сіз асықпай жасаңыз), сорпаның ішіне салып 25 минуттай пісіріңіз. Гарнирға күріш жасаңыз.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Ет тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s