Фарш қосылған қатпарлы борек

О, мына борек бір сұмдық енді. Алкенза жасап тұрған кездің өзінде шыдамымыз тауысып қандай болып шығады екен деп сабырсыздана күттік. Жасалынуы машақатты болып көрінгенімен, Алкензаның айтуы бойынша, бір-екі жасасаң қолың үйреніп, 20(!!!) минутта жасай алады екенсің! Ал, іске сәт!

– 1 стакан сүт
– жарты стакан сұйық май
– 1 жұмыртқа
– 1 ш.қ. тұз
– 1 ш.қ. разрыхлитель
– ала алғанша ұн
– қамырды жаю үшін 300 гр крахмал

– 900 гр ет фарші
– 3-4 пияз

Фаршқа: етті аз ғана майға пиязбен бірге қуырыңыз. Талғамыңызға қарай тұздаңыз. Суытыңыз.

Жоғарадағылардан қамыр жасап, жаңғақтан сәл үлкен жұп домалақтарға бөліңіз де, бетін жауып қойып қоясыз біраз уақытқа. Енді әрқайсысын крахмал көмегімен (молырақ сеуіп) кішкентай шелпектерге жайыңыз. Жайылған шелпектердің санын екіге бөліп, жартысын боректің үсті ұшін, жартысын асты үшін дайындап қойыңыз. Енді, үсті үшін болған боректерді бір бірінің үстіне тізіп (арасына крахмал себуді ұмытпаңыз), үстінен жайып үлкен бір қамыр жасаңыз. Асты үшін деп қойған шелпектермен де тура солай істеңіз. Майланған ыдыстың үстіне бір қамырды төмеп, арасына суыған етті қойып, екінші қамырмен жабыңыз. Үстіне сұйық май жағып, төртбұрыштап кесіп, духовкада пісіріңіз.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Ет тағамдары, Тұзды бәліштер. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s