Бұл көжені Нұрай апайдың жасымық сорпасына ұқсатып жасадым. Менің көжем қоюлау болды [блендерда көп айналдырғанымнан болса керек], бірақ мен осы түрін де ұнаттым.
*суретте ыстық көженің буы да түсіріліп қалғаны қатты ұнады.
– 2 стакан майдаланған бұршақ
– 1 сәбіз
– 1 пияз
– 1 сарымсақ тілімі
– 1 картоп
– тұз
– қызыл бұрыш
Сәбіз, пияз, картоп және сарымсақты аршып, жуыңыз. Бұршақты жылы суда шайыңыз. Енді көкөністерді екіге бөліп (сәбізді одан да майда) бұршақпен бірге бір ыдыста қайнатыңыз. Толған жарты қасық тұз қосыңыз. Дайындылығын сәбіздің жұмсаруынан қараңыз. Енді, бәрін блендерға қойып айналдырыңыз. Қазаншыққа аздап сұйық май құйып, оған 1 шәй қасық жалбыз бен қызыл бұрыш қойып қуырыңыз. Енді осы қазаншыққа блендерден шыққан пюрені құйып, бар болса ет сорпасынан, жоқ болса, жылы судан 1 стакан мөлшерінде қосыңыз. Бәрін бір қайнатып, оттан түсіріңіз.