Өзбекше-сымақ палауым

Біздің үйде палауға зира, шафран сияқты шөптер қосылмайды. Білмеймін неге екенін – қосылмайды әйтеуір. Бүгін кешкі асқа шағын «төңкеріліс» жасамақшы болып, зира мен тмин қосып палау бастым. Әрине, үйдегілердің наразылығына құрбан болмау үшін аз аздан қосқан болатынмын.. наразылықты былай қой, үйдегірлер ұнатып, кейбіреулер тіптен мақтап та қойды палаудың дәмін! Келесі жолы зира, шафран мен тминнің мөлшерін арттырып көрсем болады екен ;) Күріштің жабыспай, үгіліп пісетіні үнады.

– 4 үлкен сәбіз
– 2 үлкен пияз
– 1 кг қой еті
– 2 сарымсақ
– жарты стакан сұйық май
– 1,5 ш.қ. шафран, жарты қасық зира
– 1 ш.қ. тмин
– 900 гр «Ақ маржан» күріші
– 5-7 стакан су
– 1 ас қасық тұз
– қара бұрыш

Сәбізді ұзынша етіп тұраңыз. Пиязды жарты шеңберлеп тұраңыз. Қазанға май құйып, қыздырыңыз. Пияздың бір-екі үлкен тілімін майға жақсылап күйдіріп алыңыз. Дәмі шығуы үшін. Күйген пияздарды сүзіп тастаңыз. Майға пияз бен етті кезек кезегімен қуырыңыз. Тұздап, бұрыштаңыз. 15 минуттай қуырылған етке сәбіз қосып, сәбіз жұмсарғанға дейін қуырыңыз. Шафран қосыңыз. Сарымсақты аршып (немесе аршымай бірақ жақсылап жуып), етке қосыңыз. Зира мен тмин қосыңыз. Бір екі араластырып, қайнаған су құйыңыз. Бір қайнатып, астын бәсейтіңіз. Осындай жәй отта 40 минуттай бұқтырыңыз. Күрішті тазалап, кем дегенде 3 рет жақсылап жуыңыз. Ыстық суға жібітіңіз. Қазанның астын көтеріп, күрішті сеуіп салыңыз. Ет астында қалуы қажет. Бір қайнатып алып, астын бәсейтіңіз. Күріштің үстінен су толық тартылуы керек. Күрішті ортаға қарай жиыңыз. Тартылған кезде, ағаш қасықтың ұзын сабымен бірнеше жерінен астына дейін тесіңіз. Судың толық тартылуы үшін. Күріштің үстіне зирадан сеуіп, қазанның үстін нықтылап жауып қойып 15-20 минуттай палау піскенге дейін қойып қоямыз. Піскен кезде қазанды дереу ашпай, біраз күтіп ашыңыз. Ыстықтай сервис жасаңыз

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Ыстық тамақ. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s