2005 жылы Аспаздықты ашып, рецепттерді жинақтай бастағанымда елдер «шынымен тамақ жасай аласын ба не?» деп таң қалатын, қазір болса «сенің Аспаздығың бар ғой, мына-мынаны қалай жасар едің?» деп сұрайтын болды. Бұрын бірінші сұрақ алдында қатты ыңғайсызданатын едім, сүйтсем ол екінші сұрақтың қасында түк емес екен. Адамдарды алдаған болмайын деп, мен сол баяғыша тамақ жасауға құштар, бірақ қанша жасасам да әлі күнге дейін (өкініштісі) жөнді тамақ жасай алмайтын біреу (осыдан аспаздықтың оқырман саны күрт азайса да) екенімді айтқым келеді. Брр, кіріспе «біртүрлі» болғандай ;)
Бүгін сонау лицей кезінде жатақханада тұрған жылдары күнде жасап, нанға жағып жегенді өлердей жақсы көретін «тағаммен» бөліскім келіп тұр. Асқазанға пайдасы шамалы, бірақ 15 жасыңда оны кім ойлады дейсің… дейін десем, кейде осы «тағамды» сағынып әлі де жасайтыным бар емес пе.. :(
– 2 қасық томат пастасы
– 2 қасық сұйық май
– 1 ш.қ. жалбыз (ор.мята)
– қызыл ащты бұрыш ұнтағы (тур. pul biber)
– аздап тұз
Майдың ішіне жалбыз бен бұрыш қосып қыздырыңыз. Қызған майға томатты қосып, қуырыңыз. Талғамға қарай тұздаңыз. Сұйық май орнына зәйтун майы қолданылмайды.