Картопты рулет

Рулет Ақбантиктің дастарханынан алынған. Шынымды айтсам, басында картоп рулетке оралмайтын шығар деп ойладым, оралады екен. Әрине рулетім Ақбанудікіндей әдемі болмады.. хм, бірақ не ғой – «шықпайтын шығар» дегенің жақсы болған кезде, түріне аса мән бермей барына риза болады екенсің. сол.

– 4 картоп
– 2 жұмыртқа
– тұз
– қара бұрыш

Ішіне:
– 200 гр фарш
– 1 сәбіз
– 2 пияз
– тұз
– қара мен қызыл бұрыш
– 1 ас қасық томат

Бір табада фарш пен пиязды жақсылап қуырыңыз. Сәбіз қосқан соң тұздап, бұрыштаңыз. Томат қосып араластырып пісіріңіз да, астын өшіріп суытыңыз. Картоптарды тазалап, жуыңыз. Ірі үккіштен өткізіп, тұз бен қара бұрыш қосыңыз. Картоптан шыққан артық суды төгіп, картопты жұмыртқамен араластырыңыз. Духовка ыдысының үстіне арнайы майлы қағаздан төсеп, соның үстіне картопты тегістеп жайыңыз. Картоп сәл қызара бастаған кезде духовкадан шығарып, аздап суытып алған соң арасына фарштан қойып ораңыз. Ораған кезде қағазды жәймен алып тастаңыз. Рулетті жақсылап қысып алып, 3-4 минутқа қайта духовкаға қойыңыз. Духовкадан шығарып жақсылап суытып, тұраңыз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s