Айвадан варенье

Негізі айваның вареньесі алтын сары түсті шығуы керек, иә ғой? ;) Суреттегі әдемі қызыл түс қайдан айтайын ба? айваның дәнектерінен! Бір кітаптан оқып сенбеген едім, сүйтсем расында да түс өзгереді!

1 кг айваны аршып дәнегінен тазалап, тілімдеп тұраңыз. Тұралған айвалар қараймаулары үшін лимон суы қосылған суға қойыңыз. Бәрін тұрап болған соң, судан сүзіп, 1 кг қант қосып (немесе одан аз) араластырыңыз. Қант айвалар ішінде еруі керек. Енді, дәнектерді 3 стакан су ішінде пісіріңіз. 15 минуттай. Дәнектерді сүзіп алып тастаңыз. Дәнектер піскен суды айвалардың үстіне төгіңіз, айваларды толық жауып тұратындай етіп тағы су қосыңыз да, бір рет қайнатып алыңыз. Отты жәй қойып, вареньенің суы қоюланғанға дейін пісіріңіз. Мен үйден шығуым керек болды да, вареньенің астын өшіріп, 2 сағаттан соң қайтып келіп пісіруді жалғастырған болатынмын. Білмеймін осындай «үзіліс» вареньеме қаншалықты әсер еткенің, айта салайын дедім. Дайын вареньені суытып, банкаларға құйып, салқын жерде сақтаңыз.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Консервілеу. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s