Жармақ қамырынан пицца

Аспаздыққа өзім жасасам да, дәмін көрмеген тағамдарды ілуге ыңғайсызданамын. Дәмі нашар болса ше; біреу жасап алып, жасағаны зая кетсе ше; ұнатпаса ше.. мазалайтын нәрсе көп қой жарықтық. Бұл пиццаның дәмін көрмегенім үшін «ілейін ба, жоқ па» шешімін жасай алмай біраз жүрдім. Бүгін міне іліп тұрмын. Ауыз тигендерден критика естімегеніме қарағанда қаааааттты жаман болмаған шығар деймін да. Сізге болмаса да, қасындағыңызға ұнап қалап бәлкім.. жасап көріңіз. Мен де, бұйырса, қайталап жасармын.

– 0,5 стакан жылы су
– 0,5 ш.қ құрғақ ашытқы
– аздап қант
– 0,5 ш.қ тұз
– 4 қасық жармақ (ор. манка)
– жарты стакан ұн

ішіне:
– фарш
– пияз
– саңырауқұлақ
– 1 піскен жұмыртқа
– сарымсақ
– кетчуп
– ірімшік

Фарш пен пиязды қуырып алыңыз. Сарымсақты езіп қосыңыз. Піскен жұмыртқа мен консервіленген саңырауқұлақты тілімдеп тұраңыз.

Суға ашытқы мен қант қосып жылы жерге үстін жауып қойыңыз. Ашытқы көтерілген кезде, оған тұз, ұн мен жармақ қосып қамыр илеңіз. Майланған ыдысқа қамырдан шеңбер жасап қойыңыз. Қамыр үстіне кетчуп жағып, фарштан қойыңыз да, духовкада 15 минуттай пісіріңіз. Духовкадан шығарып, пиццаның үстіне үккіштен өткізілген ірімшіктен себіңіз. Ірімшік ерігенге дейін ыстық духовкада ұстаңыз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Пиццалар. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s