Elise’s apple pie

Simply Recipes ұнатушылары қатарында болғаныма көп болды. Бірақ бүгінге дейін ол жақтан еш рецепт жасап көрмеппін, соның өзінде күнде кіріп «жаңадан не қосты екен» деп қарайтыным бар. Тіпті менің сүйікті сайттар тізімінде де тіркеулі. Неге десеңіз.. Элистің тамақты қалай суретке түсіретіні сұмдық ұнайды! Көп жағдайда тамақтың дәмін, иісін бір суретпен жеткізу қиын болып көрінеді, Элис үшін ол мәселе емес сияқты. Әрине, камерасы да жақсы шығар.. сонда да.

Пирог өте дәмді әрі жасалынуы өте тез болып шықты. Сонысымен аса ұнады. Сары май мен алма мөлшерін көбейтіп, қант мөлшерін азайттым, басқасының бәрі автор көрсеткендей. пирогтың қамыры өте нәзік, ішіндегі алма болса шырынды болып піседі. Бір сөзбен айтқанда – highly recommended!

– 1 стакан ұн
– 1 ш.қ. разрыхлитель
– жарты ш.қ. тұз
– 150 гр қант
– 1 ш.қ. даршин (корица)
– 200 гр сары май
– 1 жұмыртқа
– жарты стакан жылы сүт
– 2 алма

Ұн, разрыхлитель, тұз араластырыңыз. Бөлек ыдыста қант мөлшерінің жартысын даршинмен араластырып қойыңыз. Жұмсартылған сары майға қалған қантты қосып, қант толық ерігенге дейін араластырыңыз. Жұмыртқа қосыңыз. Сүт пен ұн қоспасын кезек кезегімен қосып араластырыңыз. Алмаларды аршып, төртбұрыштап тұраңыз. Енді, ыдысты майлап, қамырдың жартысын соның ішіне төгіңіз да, тұралған алмаларды біркелкі етіп тізіңіз. Алмалардың үстіне қант пен даршин қоспасының үлкен бөлігін себіңіз. Қалған қамырды алмалардың үстіне төгіңіз. Қамырдың үстіне қалған қант пен даршин қоспасын себіңіз да, 180С духовкада 25-30 минут пісіріңіз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Тәтті бәліштер. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s