Ортасы варенье пряниктер

Рецептті Хатиженің Zaman газетіндегі бетінен алдым. Күлмеңіз! Піспей тұрғанда менің де печеньелерім газеттегідей сүп-сүйкімді болып тұрды, бірақ ыстық духовкадан шығарғанымда кішкентай печеньелерім үлкееееен печенье болып шыға келді. Түһ, шықпай қалды ғой деп тұрғанымда, ас үйге кірген мамамның «қандай әдемі пряниктер» деп күлдіргені бар. Осылайша печеньелерім пряниктерге дейін көтерілген болды. wahahaha! Рецептке аздап өзгертулер жасадым. Сол өзгертулеріммен беріп тұрмын, өйткені формасы күткенімдей болып шықпаса да, дәмі сұмдық ұнады!

– 180 гр жұмсартылған сары май
– 3/4 стакан қант пудрасы
– 1 жұмыртқа
– 1 ш.қ. ванилин
– 2 стакан ұн
– 1 ш.қ. разрыхлитель
– таңқұрай вареньесі

Жұмсартылған сары майды қант пудрасымен араластырыңыз. Ванилин, жұмыртқа қосыңыз. Енді бөлек ыдыста араластырылған разрыхлитель мен ұнды қосыңыз да, қамыр илеңіз. Духовка ыдысына арнайы қағаздан төсеңіз (немесе ыдысты майлаңыз). Енді, қамырдан жаңғақ үлкендігінде домалақтар жасап, ортасын саусықпен тесіңіз. Осы шұңқырға жарты шәй қасық варенье қойып, духовка ыдысына тізіңіз. 180С үсті сәл ғана қызарғанға дейін пісіріңіз.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Печенье. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s