40 жылдың сағынышы

Демалыс күндері бітіп, жұмысқа «демалу» үшін шыққаныңыз болды ма? Бүгінгі күнім осындай. Өткен апта, апта соңы өте busy болды мен үшін. Ашура күнінің программасы, жәрмеңке, басқа да «жасалыну керек»термен қатар, папамның класстастарына шәй беру маңыздылардың басында болды. Класстастары деп жәй естілуі мүмкін, бірақ бұл класстастар бір дастархан басында 40 жылдай жиналмай, 40 жылда алғашқы кездесу екенің білсеңіз, бұл кешке үй ішімізбен қалай дайындалғанымызды түсінесіз. Қонақтарымыз бір-бірін көріп балаша қуанғаны, мектептегі оқиғаларды жарысып айтып күлгендері, балаша «А» – «Б» классі деп бөлінгендері, мұғалімдерді әңгіме қылғандары, осы күнге жете алмай көз жұмған класстастарды еске алғандары қатты тамсандырды. Біз де 40 жылдан соң класстас қыздармен кездесер ме екенбіз әлі де? папамның класстастары інім екеуімізге папаға ұқсастығымызды көріп «печать» деп атағандай, 40 жылдан соң қай класстасымның баласы өзінің печаті болып өседі екен.. кім білед..

осы кездесуге орай соғым етінен астық. суретте сәбіз «невтему» тұрғаның білемін, асығыс болып басқа сурет түсіріп үлгермедім.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: ***. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

One Response to 40 жылдың сағынышы

  1. Anonymous айтады:

    Элеке, суреттегі қамыр дүкеннің «жаймананы» ма, әлде қолдан, үйде иленген қамырдыкі ме? Сәбіз, шынымен, дһңкиіп, «ал, не қыласың, мен де желінемін» деп жымың қағып тұрған әсер қалдырады екен :)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s