«Нарын» деп сорпа ішіндегі қамырға айтады. Төмендегі болса, біздің үйде ұнатылатын – қуырылған нарын. Бешпармақтан ертеңіне қалған болса, «нарын» жақсы шешім бола алады.
Тұздықпен қосылған пиязды алып тастап, тек қана қамыр мен етті ұзынша етіп тұраңыз. Майлы табаға қойып, асты қытырлақ болғанға дейін қуырыңыз. Нарынның жақсы жері, алдын ала тұрап қойып, мұздатқышта сақтап, керек кезде қуырып алсаңыз болады.