Бүгін таңғы асқа мамамен бірігіп 15-20 минутта осындай бәліш жасадық. Үй қауымы оянғанда бәліш ып-ыстық болып дайын тұрды.
– дайын қат-қат қамыр
– 300 гр фарш
– 2 пияз
– 1 жұмыртқа
– тұз
– қара бұрыш
Фаршты пиязбен араластырып қуырыңыз. Суытыңыз. Дайын қамырды екіге бөліп, жәймен бір бағытта қалаған үлкендікте жайыңыз. Жұмыртқаның сарысы мен ағын бөліп, ағын фаршқа қосыңыз. Майланған ыдысқа алдыменен бір қамырды төсеп, оның үстіне фарш қойып, екінші қамырмен үстін жауып, шетін нықтылап бүгіңіз. Пышақпен немесе біз ұқсап печенье формасымен кей жерлерін тесіңіз. Жұмыртқаның сарысын үстіне жағып, қалауыңыз бойынша кунжут себіңіз. Мамам кунжутқа қарсы болғаны үшін біздің пирог жартылай кунжутсіз болды ;) 200С духовкада үсті қызарғанға дейін пісіріңіз.