Төмендегі рецепт сонау Құрбан айттың сарқыты деп білерсіз. Неге десеңіз, Құрбан айттың үшінші күнінде лицейде бірге оқыған қыздармен құрбымыздың үйіне айттап барған болатынбыз. Сол кезде Пупсинің жасап әкелген бәліштері ғой. Шіркін, дәмі әлі есімде. Қолы дәрт көрмесін – енді бір керемет жасапты! Рецептін сұрап алып, үйде сәт түскен кезде жасадым. Өкініштісі, менікілер Пупсидегідей жұмсақ.. жоо, жұмсақ та емес.. «воздушный» бола алмады. [Әдеттегідей ұнды мөлшерден көп қосқан болармын.] Тағы жасап көрмесем..
– 4 стакан ұн
– 125 гр сары май
– 1 жұмыртқа
– 1 стакан сүт
– 75 гр + 1,5 шәй қасығы су
– 10 гр құрғақ ашытқы
– тұз
– аздап қант
– үстіне жағу үшін жұмыртқа сарысы
ішіне:
– 300 гр фарш
– 1 үлкен пияз
– тұз
– бұрыш
– 1 піскен картоп
Фарш пен пиязды тұз бен бұрыш қосып қуырыңыз. Үккіштен өткізілген картоп қосып араластырыңыз. Суытыңыз.
Жылы сүтке май мен 1 қасық қант қосыңыз. Араластырып ашытқы қосыңыз да, үстін жауып ол көтерілгенге дейін жылы жерде ұстаңыз. Ұн, жұмыртқа, 75 гр су мен тұз және ашыған ашытқы араластырып қамыр илеңіз. Жылы жерге кем дегенде 30 минутқа қойып қойыңыз. Қамырдан жұмыртқа үлкендігінде зуалалар жасап, әрқайсысын жұқалап жайыңыз. 1 қасық фарштан қойып, ұзынша етіп ораңыз. Ай формасында бүгіңіз. Майланған және аздап ұн себілген табаққа тізіп, үстін майлықпен жауып тағы 30 минуттай жылы жерге қойыңыз. Жұмыртқа сарысын әр бәліштің үстіне жағып, кунжуттан себіңіз де алдын ала қыздырылған 200С духовкада үсті қызарғанға дейін пісіріңіз.