Каннелони

Лазанья жасап үйренген күннен каннелониді да жасап көргім келетін. Алайда, уақыт өте араға басқа тағамдар кіріп, каннелони жайлап ұмытыла бастаған болатын. Оны Гаухардың сайтында қайта көргенге дейін. Ол күннен жолым түскен әр дүкеннен каннелони қамырын іздейтін болдым (негізі қолмен жая салуға да болады, бірақ өзінің арнайы макарон тәріздес қамыры қызықтырақ көрінді). Сүйтсем, каннелони қамыры андай-мұндай әр дүкенде табылмайтын нәрсе екен ғой. Үлкен ізденістің соңында жаңа жылдың қарсаныңда іздегенім Мегадағы Рамстор ішіндегі дайын жаймалар арасынан табылды. Жасамақ болсаңыз, мен ұқсап дайын қамырға қызықпай-ақ, қолмен қамыр илеп, бір пісіріп алып соның ішіне фарш орасаңыз мен сияқты дүкен араламай «каннелони» сияқты дәмді аспен тезірек танысқан боласыз.


(рецептті каннелони қорабынан алып жасадым)

– 300 гр фарш
– 1 қызыл ащты бұрыш
– 2 жұмыртқа
– 1 картоп
– 50 гр ірімшік
– 1 пияз
– 2 қасық томат пастасы
– тұз
– 250 гр каннелони қамыры (макарондары)
– ақ соус: 1 литр сүт + 5 қасық сұйық май + 130 гр ұн
– үстіне: 150 гр ірімшік

Етті майдалап тұралған пияз және томат пастасымен араластырып майға қуырасыз. Суытып алып, үгітілген ірімшік пен жұмыртқалар және үккіштен өткізілген шикі картоппен араластырыңыз. Фарш дайын.

Ақ соус үшін майға ұн күйдіріп сүт қосып жақсылап араластырып тұрып қайнатасыз. Соус қоюлана бастаған кезде астын өшіресіз. Соус дайын. Духовканы қыздырыңыз.

Каннелони ішіне суытылған фарштан қойыңыз. Ыстыққа төзімді, орта шұңғылдықтағы ыдысқа 1 ожау ақ соустан құйып, фаршталған каннелонилерді тізіңіз. Үстіне ақ соус құйып, оның үстіне үгітілген ірімшік себіңіз да, каннелони біткенге дейін осы ретті сақтаңыз (ең соңында ірімшік болуы тиіс). Алдын ала қыздырып қойған духовкаңызға дайын каннелонилерді қойып пісіріңіз. Духовканы алдын ала қыздыру маңызды, әйтпесе каннелони қамыры езіліп кетеді. Шамамен 20-25 минутта каннелони дайын болып піседі.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Ыстық тамақ. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s