Шоколад қосылған банан торты

Бүгін дос қыздар балаларымен бірге шәйға келген болатын. Ең үлкені 8 жаста, қалғаны майда-шүйде 9 бүлдіршін бастары бірігіп үйді астаң-кестең етіп ойнағанда бар ғой.. бала тәрбиелеудің қаншалықты қиын екенің түсінгендей болдым. 2-3 баласы болып тұрып үйді тап таза ұстап, күн сайын қонақ күтетін қыздарға таң қаламын. Маған десеңіз бұдан асқан шеберлік жоқ!

Қонақтарыма дайындаған тортым. Кеш болғаннан кейін күн сәулесінен құр қалып, үйдегі жеткіліксіз жарықпен түсіруге мәжбүр қалдым. Суреттің сапасы сондықтан төмен.

– 150гр сары май
– 150 гр қант
– ванилин
– 4 жұмыртқа
– 4 банан
– 50 гр жаңғақ
– 100 гр шоколад
– 250 гр ұн
– разрыхлитель

ішіне:
– крем шанти
– крем қатайтатын ұнтақ
– 1 банан

үстіне:
– 100гр шоколад
– 1 қасық шоколад соусы
– 1 банан

Сары май + қант + внилин араластырыңыз. Жұмыртқаның сарысын қосыңыз. Бөлек ыдыста разрыхлитель + майдаланған шоколад + жаңғақ + ұн араластырыңыз да, жұмыртқаға қосыңыз. Жұмыртқаның ақтарын бөлек миксерлеп қамырға аз аздап қосыңыз. Майланған формаға қойып, 180С ыстықта 30 минут пісіріңіз. Піскен тортты жақсылап суытыңыз. Әбден суыған тортты ыстық пышақпен қақ ортасынан бөліңіз. Ортасына крем жағып, банан тілімдерін қойыңыз. Торттың үстіне ерітілген шоколад жағыңыз.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Торттар. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

4 Responses to Шоколад қосылған банан торты

  1. Бахытгуль айтады:

    Мен жақында осы тортты жасаған болатынмын. Өте дәмді болды!Тек крем шантиді таба алмадым. Сосын кремнің орнына сгущенка жаға салдым. Үйдегілерге ұнады

  2. Zhantileu айтады:

    Oibai ogan zgoshenka koskansha suiksizdin maiyn kos tati bolat.XD

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s