Monthly Archives: Қаңтар 2008

Сәбіз қосылған маффиндер

– 2 стакан қант– 3 жұмыртқа– 100 гр сұйық май– 100 гр сары май– 250 гр үккіштен өткізілген сәбіз– 2 стакан ұн– разрыхлитель– 2 ш.қ. сода– корица– 1 ас қасық лимон суы Духовканы 185С жағып қойыңыз. Қант пен жұмыртқаларды жақсылап … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: маффиндер | Пікір қалдыру

Айвадан варенье

Негізі айваның вареньесі алтын сары түсті шығуы керек, иә ғой? ;) Суреттегі әдемі қызыл түс қайдан айтайын ба? айваның дәнектерінен! Бір кітаптан оқып сенбеген едім, сүйтсем расында да түс өзгереді! 1 кг айваны аршып дәнегінен тазалап, тілімдеп тұраңыз. Тұралған айвалар … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Консервілеу | Пікір қалдыру

Жармақ қамырынан пицца

Аспаздыққа өзім жасасам да, дәмін көрмеген тағамдарды ілуге ыңғайсызданамын. Дәмі нашар болса ше; біреу жасап алып, жасағаны зая кетсе ше; ұнатпаса ше.. мазалайтын нәрсе көп қой жарықтық. Бұл пиццаның дәмін көрмегенім үшін «ілейін ба, жоқ па» шешімін жасай алмай біраз … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Пиццалар | Пікір қалдыру

Қош келдің, Аянат!

Бүгін, қаңтардың 28 жұлдызы, Алматы уақытымен таңғы сағат 5:20-да, ата-анамның 4-ші немересі, сүйікті әпкемнің екінші қызы, Айша жиенімнің тұған сіңілісі – Аянат дүниеге келді! Дүние есігін шыр етіп ашқан күні, Алматы ауа-райы түзеліп, көптен күткен күн адамдарды жылытқандай, жаным Аяшым, … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: *** | Пікір қалдыру

Кезекті маклюбе

Дос қыздармен маклюбеге жиналу дәстүрге айналып барады. Бүгінгі маклюбеміз төмендегідей болды. Жасағанның қолына күш-қуат! Нәсіп еткенге шүкіршілік!

Орналастырылған санаттары: *** | Пікір қалдыру

Айшаның брауниі

Айшаның брауни кексін соңғы рет жасағанымда дәмін көре алмаған болатынмын. Содан бері ол кекстің қалай шыққаның білу мен ұшін параноя болды. Содан, «Бисмиллаһ» деп, өткенде қайталап жасадым.. тағы талай жасайтыныма көз жеткізу үшін! Өйткені, кекс – супер! Шоколад пен какаоны … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: кекстер | Пікір қалдыру

Elise’s apple pie

Simply Recipes ұнатушылары қатарында болғаныма көп болды. Бірақ бүгінге дейін ол жақтан еш рецепт жасап көрмеппін, соның өзінде күнде кіріп «жаңадан не қосты екен» деп қарайтыным бар. Тіпті менің сүйікті сайттар тізімінде де тіркеулі. Неге десеңіз.. Элистің тамақты қалай суретке … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Тәтті бәліштер | Пікір қалдыру

Cарымсақты кептірілген нан (garlic toast)

Алматыда биыл қыс аязды. Ауырып қалмау үшін тамағымызға көбірек сарымсақ қосқанымыз жөн. Таңғы асымызға да.. Батон нанды тілімдеңіз. Тостер ішінде аздап кептіріңіз. 1 сарымсақ тілімін аршып, нандардың бір жағына жағыңыз. Табада жалбыз (ор. мята) бен қызыл бұрышты майға 5 секунд … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Таңғы ас | Пікір қалдыру

Ортасы варенье пряниктер

Рецептті Хатиженің Zaman газетіндегі бетінен алдым. Күлмеңіз! Піспей тұрғанда менің де печеньелерім газеттегідей сүп-сүйкімді болып тұрды, бірақ ыстық духовкадан шығарғанымда кішкентай печеньелерім үлкееееен печенье болып шыға келді. Түһ, шықпай қалды ғой деп тұрғанымда, ас үйге кірген мамамның «қандай әдемі пряниктер» … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Печенье | Пікір қалдыру

Пісте қосылған маффин

Пістенің орнына басқа нәрсе қойсаңыз болады. Бірақ қамырын өзгертпей жасаңыз. Өйткені өте сәтті. – 140 гр қант– 250 гр ұн – 1 ш.қ разрыхлитель– 1 ш.қ ванилин– 100 гр жұмсартылған сары май– 2 жұмыртқа– 200 гр сүт– жарты ш.қ. тұз– … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: маффиндер | Пікір қалдыру

Қуырылған нарын

«Нарын» деп сорпа ішіндегі қамырға айтады. Төмендегі болса, біздің үйде ұнатылатын – қуырылған нарын. Бешпармақтан ертеңіне қалған болса, «нарын» жақсы шешім бола алады. Тұздықпен қосылған пиязды алып тастап, тек қана қамыр мен етті ұзынша етіп тұраңыз. Майлы табаға қойып, асты … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ұлттық тағам | Пікір қалдыру

40 жылдың сағынышы

Демалыс күндері бітіп, жұмысқа «демалу» үшін шыққаныңыз болды ма? Бүгінгі күнім осындай. Өткен апта, апта соңы өте busy болды мен үшін. Ашура күнінің программасы, жәрмеңке, басқа да «жасалыну керек»термен қатар, папамның класстастарына шәй беру маңыздылардың басында болды. Класстастары деп жәй … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: *** | 1 пікір

Мейіз қосылған какао кексттері

Үйдегілердің бәрі әпкемдердікіне тәтті жиенімнің туған күніне кетті. Мен «жүре беріндер, арттарынан кешікпей барамын» деп, анау-мынау пісіруге кірістім. Ешнәрсе пісірмесем, ішім ауратындай. Басында Айшаның рецепті бойынша кекс жасамақшы едім, бірақ екі пирог пен сарма (! иә, қайтадан сарма жасадым!) жасаумен … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: маффиндер | Пікір қалдыру

Муравейник торті

Мамамның екі туған күні бар: шын туған күні мен паспорттағы туған күн. Паспорттағы туған күнін әдетте тойламасақ та, биыл мамама осы күні (15 қаңтар) арнайы бір торт жасағым келді. Өйткені, аналарымызды күн сайын қуанту керегін білсек дағы, көбіне осы борышымызды … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Торттар | 1 пікір

20 қаңтар – жәрмеңке!

20 қаңтар жексенбі күні сағат күндіз 11-де «Шахлан» түрік орта мектебінің алдында кезекті тамақ жәрмеңкесі өтеді! Келіп, түрлі дәмділерден ауыз тиғыңыз келсе – міндетті түрде келуге тырысыңыз! Баршаңызға – WELCOME!

Орналастырылған санаттары: *** | Пікір қалдыру