Жұқалап жайылған қамырдан («юфка») жасалынған рулет түрі. «бөрек» сөзі негізі түрікше, бірақ түрік аспаздардың дүниенің айтарлықтай барлық қалаларында өз асхана мен ресторандарын ашқандықтарынан «бөрек» сөзі суши немесе пицца сияқты елге жақсы танымал. Төмендегі бөректерді тұған күніме келіп түскен «Soframiz» кітабынан алып жасадым. Негізінен жасалынуы оңай, бірақ кесілуі кішкене машақатты, пісуі болса кішкене ұзақ болып көрінді. Қосымша ретінде бөректердің үстіне үгітілген ірімшіктен қостым.
– 4 юфка
– жарты стакан сұйық май
– жарты стакан сүт
– 1 жұмыртқа
– піскен 4 картоп пюресі
– қуырылған 2 пияз
– бұрыш пен тұз
Сүт пен майды араластырыңыз да 3 юфканың ара-арасына молынан жағып қойыңыз. Пюре мен пиязды араластырып ең үстінгі юфкаға біркелкі етіп қойыңыз. Төртінші юфкамен жауып, қайтадан молырақ етіп сүт қоспасынан жағыңыз. Рулет етіп нығыздап ораңыз да, 1 см қалындығында дөңгелектеп кесіңіз. Кесілген бөректерді майлы ыдысқа тізіңіз. Қалған сүт қоспаны 1 жұмыртқамен араластырып, бөректердің үстіне төгіңіз. Ірімшікті майда үккіштен өткізіп бөректердің үстіне себелеңіз. 160С духовкада үсті қызарғанға дейін пісіріңіз.
Қамырдан артқан болса, «сигара бөрегін» жасаңыз: юфканы ортадан 8-ге бөліп әр тілім үстіне картоп/піскен фарштан қойып жуан жағынан жіңішке жағына қарай ораңыз. Ұшын аз суға малып жабыстырыңыз. Жақсы қыздырылған майға пісіріңіз.