Айвадан кекс

Бұрын кекс жасағанымда үнемі алдыменен жұмыртқа мен қантты араластырып одан соң ғана май қосатын едім. Кейін алдыменен май араластырып сосын қант пен жұмыртқа қосып көрдім – дәмі мүлдем басқаша болды; қаймақ қосылғандай жұмсақ әрі «нежный»! Алған сабағым: бірдей заттар қосылып тұрса да, олардың араластыру реті бөлек болса – тағамның дәмі күрт өзгереді!

– 200 гр сары май
– 3 жұмыртқа
– 1 стакан жылы сүт
– 1 стакан қант
– 1,5 (2) стакан ұн
– разрыхлитель
– ванилин
– 4 айва
– корица
– 2 ас қасық лимон суы
– 2 стакан су

Айваларды аршып жұқалап тілімдеңіз. Суға лимон суын қосып, соның ішінде тұралған айваларды салып пісіріңіз. Піскен айваларды сүзіп алып, корица мен кішкене ғана қант қосып суытыңыз.

Сары майды ағарғанша миксерлеңіз. Шамамен 5 минут. Қант қосып, қант толығымен ерігенше миксерлеңіз – тағы 5-7 минут. Жұмыртқаларды біртіндеп қосып араластырыңыз. Сүтті қосыңыз. Еленген ұн мен разрыхлительді + ванилинді бөлек ыдыста араластырыңыз. Бәрін араластырып кекс қоюлығында қамыр жасаңыз.

Пісіретін форманы майлап аздап ұн себелеңіз. Айва тілімдерін әдемілеп тізіңіз, оның үстіне қамырдың жартысын төгіңіз да, қалған айваларды тізіңіз. Қалған қамырды үстіне төгіп, 190-200С духовкада үсті қызарып піскенге дейін ұстаңыз. Піскен кексті кем дегенде 30 минут формадан шығармай суытыңыз. Сервис жасар алдында кексті теріс төңкеріңіз.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: кекстер. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s