Түрлі-түсті капуста салаты

Жұлдыздың аспаздыққа деген қызығушылығына әлі таң қалудамын. Сырт көзге іскер, үй шаруасына қолы тимейтін, үнемі саясат пен экономикамен басы қатып жүретін қыз болып көрінгенмен іс жүзінде үй шаруасына өте пысық қыз екен. Салаттың неше түрлісін біліп қана қоймай, қай тағамның немен үйлесетінін, қай кезде қандай нәрсе жасалыну керектігін.. қысқасы, одан үйренерім көп екен. Мысалға, өткендегі Аягөз сапарымызда Жұлдыздың «жасап көр» деген салаты. Жұлдыз, рецептіне көп рахмет! Өзің де айтқандай, салат «тез әрі дәмді» категориясынан екен!

Сезгендей Жұлдыздың рецептін Жұлдыздың тұған күнінде ілгенім қызық болды! Жұлдыз!!! Сен бар ғой, сен.. өте жақсы адамсың! Адамгершілік пен адалдығың ең құнды қасиеттерің! 2008 жыл өміріне жақсы өзгерістер әкелсін! Тұған күнінмен!!!

(мәтін авторы – Жұлдыз. массаған сайтынан алынған)

Алдымен етті еттұрағыштан өткізесіз, оған пияз, тұз, бұрыш қосып, араластырасыз. Сосын түрлі-түсті капустаны суға бір қайнатып аласыз (2-3 минут). Судан шыгарып, ара-арасына манағы дайын фаршты тығасыз. Сосын сыртына тегістеп майонез жағасыз. Оның сыртына үккіштен өткізілген ірімшікті сеуіп шығасыз. Сосын духовкада бір сағат пісіресіз. Микроволновкада пісіруге де болады. Өте дамді салат! Бүтін күйінде әкеліп, тұрап қоясыз.

п.с.: Мен салатты ірімшікпен сепкенде ғана қиналдым. Капуста үлкен әрі домалақ болған соң ірімшік капустаның астыңғы жаққа ілінбей тұрды. Фарш пен пияздың көбірек болғаны жақсы.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезсіз). Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s