Қуырдақ

Құрбан айттың арапасы құтты болсын! Ертеңгі Құрбан айтыңызды да шын жүректен құттықтап, баршамызға құт-береке, сыбыр мен ықылас тілеймін! Әзіретті Ибраһим (а.с) сияқты пешенемізге жазылған сынақтардан сүрінбей өтуімізді
Ұлы Жаратушымыздан сұраймын. Дуғаларымыз қабыл болғай..

Құрбандық етінен қуырдақ жасау біздің үйде тұрақталған дәстүр. Көп жылдар бойы бұл дәстүр үйдің қыздары мен ұлдары жақсы көрмейтін дәстүрлер арасында болатын. Кішкентайымызда, бәріміз бір шаңырақ астында тұрған кезімізде, қарын-бауыр-өкпе..тек қана қонақтарға жасалынуға рұқсат болатын нәрселер еді. Ереже орындалмай, қуырдақ сияқты тағамдар кешкі асқа жасалынған кезде, үй айқай-шуға толатын: «мен мынаны жемеймін!», «мен өзіме басқа тамақ жасаймын!», «маған тек қана картоптан салыңыз!». Қазір артқа қарап, осындай дәмді тамақты қалай ғана жемей жүргенімізді түсінбеймін. Ең қызығы, мен ғана емес, әпке-бауырларым да осындай пікірде. Ортақ шаңырақ астында тұрған кезіміз бен бір дастархан басында жиналуымыздың сағынышы ма, әлде «қанның тартуы» ма (қазақпыз ғой).. бүгінгіде қуырдақ – біздің отбасы үшін теңдесі жоқ тағам!

– құйрық майы
– ет
– өкпе
– жүрек
– бауыр
– қарын
– ішек
– пияз
– тұз
– бұрыш
– көк пияз

Қарын, ішек, бауыр, өкпе т.б алдын ала тазартылып жуылады. Аз ғана сүйық май қыздырыңыз. Тұралған өкпе мен май қосыңыз да 10 минут қуырыңыз. Тұралған жүрек пен ет қосып, тағы да 10 минут қуырыңыз. Қарын мен ішектерді қосып 30 минуттай пісіріңіз. Одан соң төртбұрыштап кесiлген бауырды қосыңыз да, ет бұрын тұздалмаған болса, тұздап, бұрыштаңыз. Пияздан көбірек тұрап қосыңыз. Картопты майдалап тұрап пияздың үстіне қойып, картоптың үстін шикі пиязбен жабыңыз. Қуырдақтың ортасына сәл жетпейтіндей етіп су немесе сорпа құйыңыз. Астын өлесіге (жәй отқа мағынасында) қойып, қуырдақ дайын болғанға дейін пісіріңіз. Сервис жасар алдында майдалап тұралған көк пияздан себіледі.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Ет тағамдары, Ұлттық тағам. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s