Baci Di Dama

Baci Di Dama дегенді естіп қалсаңыз, біліп жүріңіз, ол – төмендегі печенье. Итальяндық десерт. Маған ұнаған жағы – бұл печеньені көп күнге дейін сақтауға болады. Тіптен, маған сенсеңіз, тұрған сайын дәмі жақсарады. Мен бір ретінде ұнды көп қосып жіберген болатынмын, сол себептен печеньелерім сәл қаттылау болып шықты. Бірақ ертеңіне қарасам, жұмсарып дәл қалағанымдай болды. Печеньеге қосымша ретінде қамырға- лимон цедрасын, шоколадқа- жаңғақ ұнтағын қосуға болады.

– 150 гр жұмсартылған сары май
– 115 гр қант
– 1 жұмыртқаның сарысы
– ванилин
– 1,5 стакан ұн

ішіне: 50 гр ерітілген шоколад пен 1 ас қасық какао (немесе шоколад соусы)

Май мен қантты жақсылап миксерлеңіз. Жұмыртқа сарысын қосып араластырыңыз да, жайлап ұн қосыңыз. Орта қаттылығындағы қамыр илеңіз. Пакетке қойып, 2 сағатқа тоңазатқышқа қойыңыз. Духовканы 180 C дейін ысытыңыз. Қамырдан жаңғақ үлкендігінде жомалақтар жасаңыз. 40 шамасында шығуы керек. [менде бір рет – 22, екінші рет – 46 шыққан болатын] Домалақтарды арнайы қағаз төселенген ыдыс ішіне арасын ашып тізіңіз. 20 минут пісіріңіз. Үсті қатты қызармауы керек, сарғыш түсте болғанға дейін ғана. Піскен печеньені ыдысы ішінде суытыңыз.

Шоколадты «буға» ерітіңіз [ол үшін: үлкен ыдыста су қайнатыңыз, қайнаған суға шоколад бар ыдысты қойыңыз]. Шоколадқа қалауыңыз бойынша шоколад соусын немесе какао қосыңыз. Шоколад қоспасын екі печеньені біріктіру үшін қолданыңыз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Печенье. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s