Гүлшаттан шырын ішінде рулет

Бір күнде дүниеге келген бөтен адамдар бір біріне қаншалықты ұқсауы мүмкін сұрағы өмірі қызықтыратын. Жо, нумерологиямен айналыспаймын; сандардың ішінде қандай да бір құпиялылық жатқанына да сенбеймін. Шамасы шектеулі санам бір күні тіптен бір сағатта бір емес бірнеше адамның дүниеге келе алу ғаламатына таң қалуда.

Гүлшат – өзім сияқты, 5 желтоқсанда туылған құрбым. Негізі қырсықтығымыз (ха!) болмаса, онымен оңша көп ұқсастығымыз жоқ. Ол – шетелде бакалавр мен магистр дәрежесін оқу озаты болып алған, осының арқасында бізге мұғалім болған (!) кісілерге сабақ берген, әлеуметтік жұмыстарда үнемі алғы қатарда жүретін, 6 ай сияқты қысқа бір уақыт ішінде айналасына едәуір жақсы өзгерістер енгізе білген, екі жасар баланың әзілбас, адал және досжанды анасы! Айтылғандарға қоса, Гүлшат сұмдық қонақжай! Соңғы төрт күнде біздерге екі рет ет асып дастархан жайды. Ал, шәйға дайындағандары ше… Гүлшат, жоғарыдағылады жазып отырып, қаңтарда кем дегенде тағы төрт жылға шетелге кететініне сене алмай, қимай тұрмын!

– 4 жұмыртқа
– 1 стакан қант
– 1 стакан ұн
– ванилин
– разрыхлитель
– 2 банан
– 5 ас қасық крем шанти
– жарты стакан сүт

шырын: 1 стакан суға 1 стакан қант қосып қайнатыңыз

Жұмыртқа мен қантты 15 минут миксерлеңіз. Ұн, разрыхлитель мен ванилин өз бетінше араластырып жұмыртқаға қосыңыз. Жұмыртқаның «көбігің» бастырмай араластырыңыз. Кекс қамырының сұйықтығындай болуы керек. Духовка ыдысыңызға арнайы пленка не болмаса қағаз төсеп, қамырды біркелкі етіп төгіңіз. 200С духовкада 12 минуттан асырмай пісіріңіз. Шығара салып, қағазбен орап рулет жасаңыз. Осы күйінде суытыңыз. Суыған рулетті ашып, қағазды алып тастаңыз да, банан қойып, крем жағып қайта ораңыз. Суыған рулетке суытылған шырын төгіңіз. Рулеттің үстін де креммен сәндеп, қалаған жаңғақтан себіңіз.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Десерт. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s