Асқабақ қосылған маффиндер

Гаухардың сайтында асқабақ қосылған маффинді көрген кезден жасағым келген еді. Өкініштісі, рецептті adjust етпегендігімнен 12 маффин қамыры сәл сүйықтау болып шықты да, маффин көтеріліп ұнның кемдігінен қайта түсті [піскен асқабақты қосқанымнан ба әлде?]. Қалған аз-ақ қамырға көбірек ұн қосып едім, маффиндер жап-жақсы пісіп шыға келді.

Алған сабағым: қандай да болса рецептті жасар алдында көзден өткізу керек. Ұн, жұмыртқа, осы рецепттегі асқабақтың өзі әр-түрлі болуы мүмкіндігінен маффиндер әркімде әрқалай болып шығуы ықтимал.

рецепт өзгертулеріммен беріліп тұр:

– 240 гр асқабақ пюресі
– 2 жұмыртқа
– 120 гр айран
– 120 гр сары май
– 1,7 стакан үн
– 150 гр қант
– разрыхлитель
– корица
– жарты шәй қасық тұз

Асқабақты суға пісіріп алыңыз. Блендерға қойып езіңіз. Жұмыртқа мен қантты кем дегенде 3 минут миксердеңіз. Жұмсарылған сары майды қосыңыз. Құрғақ заттардың бәрін бөлек ыдыста араластырыңыз да, негізгі қоспаға қосыңыз. Маффин қағаздарын формаға тізіңіз да, қамырды қатты толтырмай құйыңыз. Духовкада пісіріңіз. Асқабақтың әсерімен маффиндер бастан қызғылт-сарғыш түсте болғандықтан, піскенін түрінен емес, дәл ортасынан құрғақ пышақпен тесіп тексеріңіз.

п.с: ха, маффиндер Гауһар айтқандай-ақ дәмді әрі жұмсақ болып шықты. Маған да ұнады.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: маффиндер. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s