Inside-out rolls

Қойған мақсатына, көздеген арманына тапжылмай жүретін адамдарға қатты қызығамын. Кеше ой, көзқарас пен өмірге жетіспейтін өзгерістер керегі маған ұқсас бір баланың онлайн күнделігін оқыдым. Оқыдым да, таң қалдым.. адамдардың «қатты қаласаң, бәрі де болады» дегендері осы екен ғой.. ертең «қап» деп қалғың келмесе, арманға жете білу керекті. жете алмасаң да, арман жолыңда қозғалу керекті..

Маки/нори сушиден кейін inside-out roll жасалынуы керек нәрселердің басында еді. Жақсы бір нәрсе шығатының күтпедім [realist болғаным үшін], маған жалпы нориді күріштің ішіне қалай орайды екен – сол қызық болатын. Қиын ештеңе жоқ екен.. десем, сеңбеңіз! Өйткені сушидің ең қарапайым түрі маки сушидің өзің орау маған қиын [оралатын заттар сушидің дәл ортасына түспей, неге екенің білмейм – үнемі шетке жылжып кетеді]! Бұл жолы да қисық-мисық бір нәрсе шықты (уф!)

– 2 кесе күріш
– 5-6 кептірілген нори жапырағы
– 2 қияр
– піскен ақсерке балығының 2 үлкен тілімі
– 4 қасық алма уксусы
– 1 шәй қасық тұз
– 3,5 қасық қант

Күрішті жай суға пісіріп алыңыз. Уксус ішінде тұз бен қант ерітіңіз. Піскен жылы күрішке уксус қоспасын қосып жылдам етіп араластырыңыз. Арнайы таяқша үстіне алдыменен күрішті нори жапырағының көлеміндей етіп қойыңыз. Күріштің үстіне нори жапырағың, оның үстіне жіңішке етіп тұралған қияр мен ақсерке балығын ұзынша етіп қойыңыз. Енді бәрін шетінен бастап ораңыз. Дастарханға қояр алдында ғана роллдарға тұраңыз. Қасына соя соусы қонылады.

п.с.: Сушиге шикі балық қолданылатының білемін, сонда да піскен балықты қостым.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Балық тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s