Сенбі күні кішкентай тәп-тәтті (маш.) жиенім Арсеннің тұған күні болды! Арсен, 2 жасқа толуыңмен!!!
Сол тәтті балаға арнап брауни жасадым. Сол күні, сыйлық іздеп тортты дүрыстап әшекейлеуге уақытым болмады да, кейін Арсеннің басқа да торттарын көріп «қап» деп қалдым. Тағы бір шоколадты ерітіп торттың үстіне крем етіп жаққанымда ғой.. кейін «Happy B-day!» сымақ жазу жазғанымда ғой.. эх! үйренерім әлі көп-ақ!
Брауни рецептін Айшадан алған болатынмын – Айшанікіне барғанымда қатты ұнап қалған еді. Мен жасаған браунидің дәмін көре алмадым, Айшаның рецептін сөзбе-сөз орындағаным үшін, жаман болмаған шығар.. hope so.
– 3 жұмыртқа
– ванилин
– 1 стакан қант
– разрыхлитель
– 150 гр жаңғақ
– 100 гр сары май
– 3/4 қара шоколад
– 4 ас қасық какао
– жарты стакан су
– 150 гр ұн
Жұмыртқа + ванилин + қант + разрыхлитель араластырыңыз. Бөлек ыдыста сары май мен шоколадты ерітіңіз. Бәрін араластырып какао қосыңыз. Су мен ұн қосып, майланған ыдысқа қойып пісіріңіз.