Сенбі күні мамамның класстас досы Алтын тәтенің құдағиын күттік. Әдеттегідей дастархан даярлауға жұмыла кірістік: мамам – барлық ыстық тамақтан, Эльмира келініміз – салаттардан, мен – шәйға анау-мынау даярлаудан жауапты болдық. Төмендегі пирогты қазір үйде көп мөлшерде болған айва қосып жасадым. Үйдегілерге сүзбеден басқа не қосып жасағанымды айтпадым (соңғы кезде барлық нәрсеге айва қоса беретініме наразылық көрсеткендері үшін), қонақтар да біле алмады.. кештің соңында жақсы сюрприз болды.
қамыр:
– 200 гр сары май
– 3 жұмыртқа
– 1 стакан қант
– 1 разрыхлитель
– ұн
– 1 қасық лимон соуысы
қоспа:
– 450 гр сүзбе
– 2 айва тілімдері
– жарты стакан қант
– жарты стакан қаймақ
– 1 жұмыртқа
– аздап тұз
– корица
Жұмыртқа мен қантты араластырыңыз. Жұмсарған май мен лимон қосып миксерлеңіз. Ұнға разрыхлитель қосып бәрін араластырып қатты қамыр илеңіз. Қамырды екіге бөліңіз. Жарты қамырды тоңазатқышқа қойыңыз. Қалған қамырды екіге бөліңіз да, бір бөлігін жайып, майланған ыдыстықа төсеңіз да, екінгі бөлігінен пирог шеттерін жуан етіп жасаңыз. Қамырды 3-4 жерден кесіп (тесік жасап) алдын ала қыздырылған духовкада аздап пісіріңіз (көп дегенде 3 минут).
Алдын ала жұмсақ етіп пісірілген айва тілімдерін артық судан кептіріңіз, корица мен 2 қасық қант қосып араластырыңыз. Сүзбеге қант, жұмыртқа, қаймақ қосыңыз да, түйір қалдырмай жақсылап араластырыңыз. Енді сүзбеге айва қосып қайта араластырыңыз да, бәрін духовкада жартылай піскен қамыр үстіне қойыңыз. Тоңазатқыштағы қамырды пирогтың үстіне үккіштен өткізіп себіңіз. Пирогты духовкаға қойып 45 минуттай пісіріңіз. Піскен пирогтың үсті қызарып піседі. Ағаш таяқшамен я да құрғақ пішақпен пісіп піспегенің тексеріңіз.
п.с.: Айва орнына алма қоссаңыз да болады