Айва – оңтүстік өңірлерде өсетін жеміс. Айва басқа жемістерге қарағанда ең кеш пісіп жиналады. Біз бақшадағы айваларымызды қарашаның басында ғана жинадық. Негізі, айвалар қырау түскенге дейін жиналып сақталса, оларды ақпанға дейін сақтауға болады! Салқын жерде тұрған айвалардың қышқылтым дәмі азая түседі де, дәмі уақыт өте күшейеді. Осындай артықшылығымен қатар, айвалардың емдік пайдасы да орасан зор. Қателеспесем, айва С витаминине бай.
– 500 гр айва
– 3/4 стакан қант
– 3 литр су
– 2 қасық лимон шырыны
Тазартылған айваның әрқайсысын 6-8 бөлікке бөліп, өзегін алып тастау керек. Айва қарайып кетпеуі үшін қайнатқанға дейін аздап лимон шырыны қосылған салқын суға салып қойған жөн. Үлкен ыдысқа қант пен су қойып қайнатыңыз. Айваларды қосып, айвалар жұмсарғанша (шамамен 45-50 мин) пісіріңіз.