Картоп қосылған бәліш

Боліштер (пирожки) жасамақ болып ол үшін картоп пісірер болсаңыз, біліп жүріңіз: 7-8 картоптан 30 шақты боліш пен төмендегідей ұлкееен 1 бәліш шығады! Жұмыстағы қыздарға боліштерден пісіріп апармақшы болғанымда, пісірген 8 картоптардан пюре жасап, қуырылған пиязбен араластырғанымда, жарықтықтың көлемі 3 есе үлкейді, ысырап болмасын деп бастапқы қамырға қоса тағы 2 зуала қамыр жасасам да, 30-шы болиштен кейін өзі де аз шыдамым тауысып, «ыза күйік» үлкеееен бәліщ жасадым. Бұл картопқа қатысты алғысөз. Боліштердің қамыры – ертеңіне боліштерден дәм татқан әріптестерімнің сөзіне сенер болсам, «тура орыстардың болішкесіндей дәмді болды!». Қамырдың рецептін орыс танысымнан алғанымды құпия қылып жасырдым. (smile)

– 1 стакан айран
– 150 гр сары май
– тұз
– 1 щәй қасық сода
– 3 стакан ұн
– картоп пюресі
– тұз
– бұрыштар
– пияз
– 1 жұмыртқаның сарысы

Пияздарды майға қуырып алыңыз. Пюреден қосып тағы 4-5 минуттай қуырыңыз. Айранға сары май мен тұз, сода мен үн қосып жұмсақ қамыр жасаңыз. 5 минутқа үстін жауып қойыңыз. Жаңғақ үлкендігінде қамырдан бөліп, қолмен 0,5см қалындықта шеңбер жайыңыз да, картоп пюресінен қойып ораңыз. Духовка табағына майлы қағаз төсеңіз немесе майлап ұн себіңіз. Оралған боліштерді табаққа тізіңіз. Әр боліштің үстіне жұмыртқа сарысын жағыңыз. 5 минуттан кейін духовкаға қойып пісіріңіз.

п.с.: Суретте – бәліш, рецептте – боліш (боліштердің суретін түсіруді ұмытыппын). Бәліште картоп пюренің үстіне дәмі кірсін деп майдалап тұралған қызанақтан қойған едім, суретте қызыл болып тұрған сол.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Тұзды бәліштер. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s