Лазанья (дайын жаймадан)

Лазанья! Итальяндықтардың мақтанышы, әлемнің сүйікті тамағы. Анау-мынау тамаққа көңілі тола бермейтін қазекеңнің де! қалайша дейсіз ғой – лазаньяның құрамындағы негізгілер ет пен қамыр, солай ғой.. ээ-э, қай қазақ ет пен қамырдың алдында тұра алады?! (smile)

Лазаньяны осыдан 5 рет жасадым. Ол үшін үнемі арнайы итальяндық қамырдан алып жасайтын едім. Бұл жолы болса, соңғы жылдары дүкендерді «басып алған» арнайы ет-немесе-бешпармақ қамырының дайын түрін қолдандым. Рецепттің мөлшерін да бұрынғыдан сәл өзгерттім..

Бұл қамыр айтарлықтай барлық дүкендерден бар жоғы 50-65 теңгеге табылады. Дәмі мен форманы ұстау жағынан болса итальяндық қамырдан кем түспейді. Ондай болса қымбатын алып қайтесіз? (LOL: кіржуу порошогының жарнамасындай болды)
– 3 пияз
– 1 сәбіз
– 800 гр фарш
– 2 қасық томат
– 2 қызанақ
– 1 ас қасық сүйық май
– 1 ас қасық ұн
– 2 стакан сүт
– жайма
– 300 гр сыр

Пияздарды майдалап тұраңыз да, майға қуырыңыз. Пияздар сарғыш түсті бола бастаған кезде үккіштен өткізілген сәбіз қосыңыз. 5 минуттай қуырыңыз. Фарш қосып тағы қуырыңыз. Томат қосыңыз. Ет томатты толығымен сіңдіргенше, қызанақтарды ыстық судың (қайнаған) астында ұстап қабығын аршыңыз. Блендерда езіңіз. Езілген қызанақты етке қосып араластырыңыз. Менің фаршым майлы болған ба, қызанақтарым «сулы» болған ба, әйтеуір бұл жолы су керек етпедім. Басқа жағдайда 1 стакан қайнаған су немесе сорпадан қосу керекті.

Бешамель соусы (немесе ақ соус) үшін: Гаухардың кеңесімен сары май орнына 1 ас қасық сүйық майға 1 қасық ұн қуырдым да сүт қостым. Бәрін миксермен араластырып, жәй отта пісірдім.

Сырды үккіштен өткізіңіз. Пісіретін ыдысқа 2 қасық бешамель соуыстан құйыңыз да, шикі қамырдан тізіңіз. Қамырдың үстіне еттен, ет үстін соус пен сыр деееп қамыр біткенге дейін тізіп бітіріңіз. Соңғы қабаты сыр болуы керек. Духовкада пісіріңіз.

Қаласаңыз үстін фольгамен жауып пісіріңіз, қаласаңыз жаппай. Мен жаппай пісіремін. Піскен лазаньяны дереу кесіп сервис жасасаңыз, ет жайылып кетеді, сәл суытып кессеңіз «тілімдер» әдемі болып кесіледі.

Астарыңыз дәмді, өміріңіз мәнді болсын!

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Ет тағамдары, Ыстық тамақ. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

2 Responses to Лазанья (дайын жаймадан)

  1. saltanat айтады:

    а мен сиздин созинизден жасадым :)духовка жок кой бизде, зато чудопечка бар дегендей…асты писпей калады ма деп, оны плитага койдым ба :) айтеу писирдим хе хебарине унады :)кешиккендерге б3р касыктан калып, олар ренжип есшо…жазып алындар деп единиз :))) ауызшаны да угып алдык, уот :)

  2. Эльвира айтады:

    бір айтқаннан ұға салатын Салтанаттан айналып кетейін! тьфа-тьфа, көз тимесін! :) дәмді пісіргеніне шын риза болып қалдым! Жарайсың! Кішкентайларыңды ренжітпей тағы бір рет пісір енді. Картоп запеканкасын пісіріп көр, "кішкентайлардың" бәріне сол тағам қатты ұнайды. по інім знаю :)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s