Ревани

Ревани – түрік аспаздығынан болса да, бізге үйреншікті «жармақ пирогына» ұқсас болғаннан біздікілер аса ұнатып жеді. Екі десерттің жалғыз айырмашылығы – түріктің жармақ пирогі аса тәтті шырын ішінде болуы. Осыны біздікілер еш ұнатпады. Сол үшін ревани жасаған сайын шырын мөлшерін азайтып жасайтын болдым.

– 3 жұмыртқа
– 75 гр қант
– 1 стакан айран
– жарты стакан сүйық май
– 3 ас қасық ұн
– 1 стакан жармақ (ор. манка)
– ванилин
– 1/2 шәй қасығы сода
– 1 пакет разрыхлитель
– жаңғақ

шырын:
– 1 стакан қант
– 1,5 стакан су
– 3-4 тамшы лимон суы

Шырын үшін су мен қантты араластырып 20 минуттай жәй отта пісіріңіз. Қанттың әсерімен су қоюлана бастаған кезде, лимон суынан тамып, отты өшіріңіз.

Жұмыртқа мен қант жақсылап тұрып миксерленеді. Кем дегенде 4-5 минут. Мен жұмыртқаның өзін ғана 3 минут араластырып, қант қосып тағы 3 минут араластырамын. Айран мен майды қосыңыз. Басқа ыдыста еленген ұн, жармақ, ванилин, сода мен разрыхлитель араластырыңыз. Ұн қоспасын қалған заттарға қосыңыз. Ең соңында майдаланған жаңғақ қосып араластырыңыз. Пісіретін ыдысыңызды майлап, үстіне аздап қант себіңіз да, ревани қамырын төгіңіз. Алдын ала ысытылған 175С духовкада пісіріңіз. Реванидің үстіне біркелкі етіп шырын төгіңіз.

Негізі, ревани ыстық – шырыны суық болуы керек деп жатады. Бұл жолы менің шырыным суып үлгермеді да, ыстық реванидің үстіне шырын ыстықтай құйылды. Соның өзінде – ревани шырынды толық сіңдіріп, ауызда ерийтін керемет ревани болып шықты (қонақтарымның айтуы бойынша)

Ревани ішіне қалауыңыз бойынша жаңғақ орнына лимон қабығының ұнтағы немесе басқа да нәрселер қоссаңыз болады.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Десерт. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

One Response to Ревани

  1. М. Ахмади айтады:

    Sizding revaniyingizge telmirip silekeyim agip otir edim, abiroy bolghanda tuski tamaqtan keyin asshımız revani alip kelip, bir jirghap kaldim :)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s