Рецептті сherrapeno.blogspot.com иесінен көріп, өзі де оңай рецептті одан әрі жеңілдетіп жасап көрдім. Көрінісі сондай әдемі, тіпті жеуге де қимайсың.
6 әдемі, әрі дәмді бәлішке есептелінген
– 500 гр қатпарлы дайын қамыр
– 2 алма
– 1 ш.қ. корица
– 1 ас қасық қант
– жұмыртқа сарысы
Алмаларды төртке тілімдеңіз. Қамырды алма үлкендігіне қарай, алма формасына ұқсатып шеттерінен 1 см тастап кесіңіз. Алмаларды корица мен қант қоспасымен араластырыңыз. Алмаларды жартылай тілімдеп, қамырдың ортасына қойыңыз да, қамырдың шеттеріне жұмыртқа сарысын жағып, аздап қант себелеңіз. Духовкада үсті қызарғанға дейін пісіріңіз. Піскен бәліштердің үстін майлықпен жауып суытыңыз. (Бұл бәліштердің ұзақ уақыт бойы жұмсақ болуын қамтамасыз етеді)