Алма қосылған маффин

Маффинолизмнен ескен тағы бір туынды. Екі рет жасадым, екеуінде де сәтті шықты. Бір ретінде жұмыстың түскі үзілісі кезінде жасағанмын! Яғни, бұл маффиндер 1 сағаттан аз уақыт ішінде жасалынып пісітін оп-оңай, дәп-дәмді маффин! Highly recommended!

Рецепт 12 маффинға есептелінген

– 1 стакан ұн
– 1 шәй қасық ас сода
– 2 ш.қ. разрыхлитель
– жарты ш.қ. тұз
– 1 стакан қант
– 2 жұмыртқа
– 100 гр сары май немесе 50 гр сүйық май
– қабығы аршылып, үккіштен өткізілген 1 үлкен алма

Бір ыдыста еленген ұн, сода, разрыхлитель мен тұз араластырыңыз. Бөлек ыдыста жұмыртқаны кем дегенде 4 минут миксерлеп, қант қосып тағы 4 минут араластырыңыз. Май қосыңыз. Үккіштен өткізілген алма қосыңыз да, алмалар жібіуі үшін 10 минуттай қойып қойыңыз. (мен 10 минутқа қоймай-ақ алмаларды қосқаннан кейін дереу миксермен алмаларды ездім – сонда дайын маффиндерде алманың дәмі сезіліп, алмалардың өздері көрінбейді). Осы қоспаға ұн+сода+разрыхлитель+тұз қоспасын қосып жәйлап араластырыңыз. Көп араластырмаңыз. 220С алдын ала қыздырылған духовкада 20 минуттай пісіріңіз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: маффиндер. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s