Monthly Archives: Қараша 2007

Корица қосылған маффин

Portakalagaci сайтынан алынған рецепт. Кекс қағазына жабыспай оңай шығуы үшін сары май көлемін көбейттім + 1 қасық орнына бір пакет разрыхлитель қостым. – 1,5 стакан ұн– 1 пакет разрыхлитель– жарты шәй қасығы тұз– 100 гр жұмсарған сары май– 1 стакан … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: маффиндер | Пікір қалдыру

Гүлфияның печеньесі

13 жылдық досым Гүлфияның рецепті бойынша қашан жасасам да печенье керемет болып шығады. Сіз де жасап көріңіз. Ұнататын печеньелер қатарында Бірінші нөмерде. – 200 гр сары май «Жайлау»– 75 гр кокос – 1 стакан қант пудрасы– 75 гр сүйық май– … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Печенье | Пікір қалдыру

Кезбе жазбаларым

Үндістан сапарынан естеліктерім Фотосурет жақтағы «кезбе жазбаларым» тарауына қосылды. 5-10 минутыңыз болса, оқып, өз пікіріңізді білдіруіңізді сұраймын. Үндістан күнделігім орыс тілінде, Түркия мен Таиланд – қазақ тілінде жазылған.

Орналастырылған санаттары: *** | Пікір қалдыру

Айва мен сүзбе қосылған торт

Сенбі күні мамамның класстас досы Алтын тәтенің құдағиын күттік. Әдеттегідей дастархан даярлауға жұмыла кірістік: мамам – барлық ыстық тамақтан, Эльмира келініміз – салаттардан, мен – шәйға анау-мынау даярлаудан жауапты болдық. Төмендегі пирогты қазір үйде көп мөлшерде болған айва қосып жасадым. … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Торттар | Пікір қалдыру

Сәбіз котлеті

Сәбіз – құнарлы тағам. Адам организімінде тез арада А витаминіне айналатын каротин құрамы басқа көкөністердегіден көп. Организімге пайдалы басқа да көптеген заттары бар. Төмендегі котлеттер асқазанға жеңіл болып, таңғы асқа да жақсы келеді. – 500 гр тазартылған сәбіз– 3/4 стакан … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Таңғы ас | Пікір қалдыру

Айвадан компот

Айва – оңтүстік өңірлерде өсетін жеміс. Айва басқа жемістерге қарағанда ең кеш пісіп жиналады. Біз бақшадағы айваларымызды қарашаның басында ғана жинадық. Негізі, айвалар қырау түскенге дейін жиналып сақталса, оларды ақпанға дейін сақтауға болады! Салқын жерде тұрған айвалардың қышқылтым дәмі азая … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Консервілеу, Сусындар | Пікір қалдыру

Айва қосылған маффин

– 200 гр ұн– разрыхлитель– тұз– 50 гр қоныр қант– 1 жұмыртқа– 200 гр сүт– 50 гр жаңғақ ұнтағы– алдын ала қабығы аршылып пісірілген айва Духовканы 200С қыздырыңыз. Бір ыдыста еленген ұн + разрыхлитель + тұз араластырыңыз. Бөлек ыдыста қант … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: маффиндер | Пікір қалдыру

Тұздалған қырыққабат

Рецепт марқұм украин көршіміз тётя Женядан алынған болатын. 1 үлкен қырыққабатты борщқа тұрағандай етіп тұраңыз. 2-3 сәбізді үккіштен өткізіңіз. Қырыққабатты тегешке қойып тұралған қырыққабатты соған қойыңыз. Үстінен сәбізді қойыңыз. 1 ас қасық тұз салып, қолмен араластырып езіңіз. Қырыққабаттың суы шыға … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Консервілеу | Пікір қалдыру

Зебра кексі

Көп шүкір «кешірек жазамын» дегеніді сызып: рецептті кешірек жазамын одан әрі соза бермей, жазатынымды асықпай жазуға уақыт табылған сияқты. (Нұргүл, сенің «ашулы» комментінен кейін жазбауға амал жоқ… десем, сенесің ба?) Құр суреттерге қанағат танытып, Аспаздыққа кіріп тұрған баршаңызға жеке алғысымды … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: кекстер | Пікір қалдыру

Картоп қосылған бәліш

Боліштер (пирожки) жасамақ болып ол үшін картоп пісірер болсаңыз, біліп жүріңіз: 7-8 картоптан 30 шақты боліш пен төмендегідей ұлкееен 1 бәліш шығады! Жұмыстағы қыздарға боліштерден пісіріп апармақшы болғанымда, пісірген 8 картоптардан пюре жасап, қуырылған пиязбен араластырғанымда, жарықтықтың көлемі 3 есе … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Тұзды бәліштер | Пікір қалдыру

Budget meeting

Бюджет жазып, бюджет қорғау қиындардың қиыны екенің түсіндім! А-аа, азаңнаң мыңдаған қағаз ішінде көміліп отырмын! Көзден көз, бастан бас қалмады! Тағы түсінгенім – «қол тимеді» деген сылтау ғана емес екен, кейде расында да «қол тимей» қалады екен. Сондықтан бүгін жаңа … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Печенье | Пікір қалдыру

Лазанья (дайын жаймадан)

Лазанья! Итальяндықтардың мақтанышы, әлемнің сүйікті тамағы. Анау-мынау тамаққа көңілі тола бермейтін қазекеңнің де! қалайша дейсіз ғой – лазаньяның құрамындағы негізгілер ет пен қамыр, солай ғой.. ээ-э, қай қазақ ет пен қамырдың алдында тұра алады?! (smile) Лазаньяны осыдан 5 рет жасадым. … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Ет тағамдары, Ыстық тамақ | 2 пікір

Ревани

Ревани – түрік аспаздығынан болса да, бізге үйреншікті «жармақ пирогына» ұқсас болғаннан біздікілер аса ұнатып жеді. Екі десерттің жалғыз айырмашылығы – түріктің жармақ пирогі аса тәтті шырын ішінде болуы. Осыны біздікілер еш ұнатпады. Сол үшін ревани жасаған сайын шырын мөлшерін … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Десерт | 1 пікір

"Гранатовый браслет" салаты

..немесе «анар қосылған салат». Бұл салат бұрын жасалынып, сайтқа жазылуға өз кезегін күтіп жүрген тағамдардың бірі. Көп жерде салаттың «білезік» эффекті үшін ыдысқа бір бөтелке қойып, айналасына салат қоюды насихаттайды. Маған бұл әдіс өте машаққатты көрінді. Мен былай жасадым: ортасы … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезді) | 1 пікір

Екі күнге жоқпын

Ертең жұмыс бабымен екі күндік Eurasian PR-event халықаралық конференциясында боламын. Аспаздыққа жұмаға дейін жаңа рецепт қосылмайды. алысқа кетпеңіз!

Орналастырылған санаттары: *** | Пікір қалдыру