Күшік болуды армандаған аю

Нұргүлге бір кекс пен маффин «қарыз» болып, оларды жасағанымда олардың көңілімнен шықпай қалуы төмендегі печенье жасауыма себеп болды. өкініштісі – Нұргүлдерге ұнап ұнамағанын білмеймін (сұрағанымда «жақсы/дәмді» болды деген еді, бірақ мені ренжіп қалады ма деп айта салған да болуы мүмкін!). Тағы бір рет жасап көру керек сондықтан.

Мына аю аю емес негізінде күшік болуы керек еді, бірақ менікінің беті піскен кезде жалпиып, күшіктен көп аюға ұқсап қалды (smile). Форманы интернеттен көріп «ұрлап алдым», рецепт болса кәдімгі печеньенің рецепті. Менің ойымша әртүрлі рецепт келе береді бұл печеньеге. Сіз де ұнатқаң рецептпен жасап көріңіз.

Үйдің кішкентайларымен бірге жасауға ыңғайлы рецепт! Сіз қамырды жасасаңыз болды, печенье аю болады ма, күшік па.. онысы бүлдіршіндердің фантазиясына байланысты болсын(smile)

– жарты стакан қант пудрасы
– жарты стакан қант
– 100 гр сары май
– 100 гр сүйық май
– аздап разрыхлитель
– ұн

– какао
– шоколад түйіршіктері

Бәрін араластырып аю/күшік формасын жасаңыз. Шоколад түйіршіктерінен көз бен ауызды жасаңыз. Аз ғана қамырды какаомен араластырыңыз да, шыққан қамырдан құлақ жасаңыз. 200-220С духовкада пісіріңіз.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Печенье. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s