Керекші достарыма – Маклюбе

Адамның өмірлік жолында әртүрлі достары болады: үйдің ауласында бірге өскен достар, мектептен класстас достар, лицейден сырлас достар, университеттен құрбы достар, қызмет орында әріптес-достар т.б. Осылардың бәрінен бөлек менің тағы «виртуал» әлемде танысып, бауыр басып қалған достарым бар! Иә, осыдан 3 жыл (almost 4!) бұрын КерекИнфо сайтына бір досымның сұрауы бойынша тіркеліп, сол жерден Жұлдыз, Ақбану, Нұргүл, Гүлвира, Әсия, Сандуғаш, Жанна есімді қыздармен танысып, пікірласып, достасып қалған едік. КерекИнфоның ол кезден бері іші да сырты да талай өзгеріп, көбіміз керекинфодан кеткен болсақ та, арамыздағы сыйластық пен бауырластық еш жоғаоған емес. Үнемі де осылай болғай!

Кеше керекші достарымды шәйға шақырып, оларға менің түсінігімде достықтың символы болған Маклюбе жасап бердім.

– 600 гр қой еті
– 200 гр тауық еті
– 900 гр Ақ-маржан күріші
– 2 пияз
– 5 картоп
– тұз
– қара бұрыш

– салат
– айран

Еттерді бөлек ыдыстарда жартылай пісіріп алыңыз. Күрішті тазалап жуып, ысытық суға жібітіңіз. Картопты аршып, майға жартылай қуырып алыңыз. Пияздарды жұқалап тұраңыз. Піскен еттірді сүзіп алыңыз (сорпаларын төкпеңіз!) да, төрбұрыштап тұраңыз. Үлкен қазан немесе басқа ыдыстың тұбіне 3-4 қасық сүйық май тамызыңыз да, пияздарды тізіңіз. Пияздардың үстіне еттің жартысын, оның үстіне де картоптың жартысын қойып, тегістеңіз. Енді күріштің жартысын төгіңіз. Күріштің үстіне кезекпен қалған ет, картоп, күріш қойыңыз. Енді жайлап форманы бұзбай күріштің үстіне екі еттің сорпасын құйыңыз. Сорпа қайнағанға дейін қатты оттта пісіріңіз да, қайнаған соң отты бәсейтіп күріш сорпаның бәрін тартқанға дейін пісіріңіз. Піскен маклюбені теріс аударғанға дейін кем дегенде 10 минут қозғалтпай ұстаңыз.

Салатқа «Нұржамалдың салатын» жасадым.

п.с.: Аспаздықтың басқа да маклюбелері мына және мына жақта.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Ет тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

5 Responses to Керекші достарыма – Маклюбе

  1. Anonymous айтады:

    körinisi tamasha, dami de solay shıghar a? salemmen M.A

  2. Эльвира айтады:

    dami de kizdarga unadi dep senemin men de. jakgiz kizdar bolip bir tabakti tauistirganimizga karaganda jaman bolmagan siyakti :) rahmet!

  3. Anonymous айтады:

    Айналасындағы айран ба?!!!!!! Cонда калай тамақ+айран+салат барин араластырып жей ме??????? Айран қоскан тамактын дами калай болар екен? с/н Жанара

  4. Эльвира айтады:

    Жанар, естігенге расында да қызық естілетін болар – иә, бәрін араластырып жейді. Негізінде, маклюбеге қолдың айраны сияқты қою айран қосылуы керек. Дүкендегі айрандар сұйық болып, маклюбеге оңша жақсы келмейді. Көңіл бөліп пікір жазғаныңа рахмет!

  5. Gulfiya айтады:

    Эльвирка, так аппетитно выглядит. Canim cekti valla……

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s