Бефстроганоф

Бастан мойындайын – мен бефстроганофты дұрыс жасамадым! Жо, дәмді боларына дәмді болды, бірақ бефстроганоф жасаудың негізгі ережелеріне құлақ асқаным шамалы (сол себептен, менің туындыма «бефстроганоф» деудің дұрыс-бұрысын білмеймін). Қателерімді санар болсам: сиыр еті орнына қой еті қолданылды, ет ұзынынан емес төрбұрыштап тұралды, соус етпен емес бөлек пісірілді, қаймақ орнына майонез қосылды, гарнирге картоп емес кұріш берілді.. деееп кете береді жарықтық. Бірақ Аспаздыққа бефстроганофтың тұпнүсқа рецептін біріп тұрмын.. ұят болмасын.

– сиыр еті
– тұз
– қара бұрыш
– пияз
– 1 қасық ұн
– жарты стакан қаймақ
– 2 қасық томат

Етті жұқалап ұзынынан тұраңыз. Тұз, қара бұрыш қосып араластырыңыз. Пиязды жіңішкелеп тұрап, майға қуырыңыз. Етті қосып, енді бірге қуырыңыз ет жұмсарып піскенге дейін. Томат қосыңыз. Ұн қосып бәрін бірге қуырыңыз. Қаймақ қосып, сәл қайнатасыз.

Дәстүрлі бефстроганофқа гарнир ретінде картоптан пюре жасалынады. Бірақ әрине, мен сияқты, өзіңіз ұнатқан гарнир жасасаңыз ешкім сізді сол үшін жауапқа тартпас (smile)

Ұмытпай тұрғанымда бір хабарландыру жазып кетейін:

26 қазан жұма күні сағат 10:30-да «Шахлан» түрік мектебінің алдында (Абай-Правда, «Сары-арқа» кинотеатры артында) жылда өткізілетін аспаздық пен қысқа салат, консерві сс. даярлық жәрменкесі өткізіледі.
Келіңіздер! Көріңіздер!
Тиімді бағаға анау-мынау алып үлгеріңіздер!

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Ет тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s