Студенттік нан пісірмесі

Бірнеше ай бұрын рецептті Донцованың кітабынан оқып, «бір күні жасап көрейін» ниетімен ишараттап қойған болатынмын. Кеше жұмыстан ертерек босап, қолдағы аспаздық кітаптар мен рецепт дәптерлерімді парақтап жатқанда нан пісірмесі рецептіне көзім қайта ілініп, «не болса да» соны пісірейін дедім. ээ-э.. процесстің ортасына таман болса.. ешкімге білдірмей сәтсіз болып көрінген пісірмені жоюдың жолдарын қарастыра бастадым! (smile) Бас тартып, жоя салмағаным жақсы болды, өйткені пісірме піскен кезде басында көрінгеннен едәуір жақсы болды (түрі де, дәмі де)! Студенттік тамақ дегенде осындай пісірме сияқты «жоқтан бар» тамақтар ойға келетіндіктен, атын «студенттік» деп өзгертіп тұрмын.

– 6 тілім нан (қалындығы 1 см)
– 150 гр фарш
– 1 орта пияз
– қара бұрыш
– тұз
– 2 стакан сүт
– 2 жұмыртқа
– сыр

Ет пен пиязды араластырып, тұз бен қара бұрыш қосып, майға қуырыңыз. Жұмыртқаларды сүт ішінде араластырыңыз. форманы сары маймен майлаңыз. Нан тілімдерін сүтке малып, формаға тізіңіз. Бір қабат – нан, оның үстіне – фарштан, қайта сүтке малынған нан деп нан біткенге дейін үсті-үстіне тізіңіз. Тізіп болған соң, қалған сүтті пісірменің үстіне төгіңіз. Ұнтақталған сыр себіңіз. Үстін фольгамен жауып, духовкада 30-35 минут пісіріңіз.

п.с: Пісірме = запеканка (ор.)

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Гарнир мен соустар. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s