Халим

Халимды өмірімде жасап жасамайтынымды білмеймін алайда халим рецептінің Аспаздықта Үндістаннан естелік ретінде қалуын қалағанымнан бүгін халим жасау тәсілін беріп тұрмын. Рецептті мына жерден алдым.

Халим – Үндістанға монғол басқаруымен енген тамақтың түрі. Қазіргі кезде Үндістандағы мұсылман қауымының бүткіл Ислам мерекелерінде міндетті түрде пісіретін дәмділердің бірі. Хайдерабад қаласына барғанымда бір Үнді жанұяның ауызашарына шақырылған болатынбыз. Сол кезде алғаш татқан едім халимді. Үнді тамағына үйренбеген болғанымнан маған оңша ұнамаған еді, бірақ бұл тамақтың жаман болғанынан емес әрине. Керісінше, рамазан бойы көшелерде сатылатын халимге сұраныстың үлкендігін көріп (адамдар халим сатып алу үшін ұзыыыын кезекке тұратын) – халимның дәмді, әрі тойымды екенін айтуға болады.

– 1 кг төртбұрыштап тұралған сүйексіз қой еті
– 1 кг 1 сағатқа суға жібітіген арпа – құрғатыңыз
– 1,5 стакан айран
– 1 ас қасық имбирь-сарымсақ пастасы
– 250 гр майдалап тұралған пияз
– 1 қасық көк чили пастасы
– 2 қасық көк кориандер пастасы
– 100 гр лимон суы
– 3 қара кардомон
– жарты қасық корица
– 1 қасық чили ұнтағы
– жарты стакан сүйық май
– 2 қасық тұз
– жалбыз

Айран + лимон суы + чили + кориандер + кардамон + корица + имбирь пастасы + тұз араластырыңыз. Осы қоспа ішіне төртбұрыштап тұралған етті 3-4 сағатқа қойып тұздаңыз. Арпаны суда жұмсағанша пісіріңіз. Арпа жұмсақ болып піскен кезде, блендер ішінде езіңіз. Майды қыздырып етті түсін өзгергенге дейін пісіріңіз. Етті жауып тұратындай су қосыңыз да, ет жұмсарып піскенге дейін жай отта пісіріңіз. Арпа қоспасын етке қосыңыз да, тағы 20 минут пісіріңіз.

п.с.: Ертең бұйырса Толғанайдың үйлену тойы себебімен Шымкент жаққа жол жүрем. Дүйсенбіге дейін қош саламат!

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Ет тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру