Маффинолизм!

Өткен айт демалысында қыздармен айт себебімен бір бірімізге сыйлық жасамақшы болғанда, сыйлық іздеп Сити Центр жаққа бардым (сол жердің Ideal Home қабаты керемет ұнайды – ешнәрсе алмаған кездің өзінде, әдемі ыдыс-аяқ қарағанды ұнатамын). Маффин форманы алам деп жүргеніме бірталай айдың жүзі болған еді – біреуге сыйлық алып қана қоймай, өзіме де сыйлық ала кеттім осылайша! (қыздар сол ғой – smile)

Үйге келе салысымен Сараның Whole Grain Raisin Nut Muffins рецептін негізге алып маффин жасадым да, маффиноликтер қатарына ендім: американдық киноларында күнде бір тонна маффин жасайтын алжапқыш киген үйханымдар ұқсап, бір күнде екі түрлі маффин жасап тастаппын (кімге жегізерімді тапқанымда одан да көп жасап тастарым сөзсіз!). Қазірден айтып қояйын – маффинолизмнен құтылғанымша аспаздыққа әртүрлі маффин рецептері көптеп жазылуы ықтимал (smile)

Сараның рецептіндегі қауызды таппадым да, оның орнына печенье қостым. Жалпы рецепт төмендегідей болды:

– 300 гр ұн
– разрыхлитель
– жарты стакан қант
– корица
– аздап тұз
– 1 уыс мейіз
– 1 стакан сүт
– 60 гр Султан печеньесі
– 100 гр сары май
– 1 жұмыртқа
– үгітілген жаңғақтар (мен кешью қостым)

Мейізді ыстық судың ішінде жібітіңіз (жібітпей салсаңыз да болады әрине, бірақ жібітілсе маффин ішінде мейіз жүзім сияқты болып тұрады). Жұмыртқаны кем дегенде 2 минут миксерлеңіз, қант қосып тағы 3 минут миксерлеңіз. Қант еріп кетуі керек. Май қосыңыз. Печеньені сүтте ерітіңіз да жұмыртқа қоспасына қосыңыз. Мейіз қосып араластырыңыз. Ұн + корица + тұз + разрыхлительді да араластырып қосыңыз. Маффин формаларына арнайы маффин қағаздан қойып соларға қамырды сәл толтырмай құйыңыз. Әр маффин үстіне жаңғақ ұнтағынан себіңіз. 20-25 минуттай, үсті қызарғанға дейін пісіріңіз.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: маффиндер. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s