Шарлотка

Айт қабыл болсын! Осы мерекелік күндер шаттық пен берекеге толсын!

Компаниямызда Владимир Николаевич есімді жасы да жүрегі да үлкен, елдің бәрімен үнемі әзілдесіп жүретін ағайымыз бар. Сол ағай әр жұма сайын офисімізге келіп «Мереке құтты болсын!» деп құттықтағанда, біздің «қандай мереке?» сұрағымызға, «Қасиетті Жұмабайдың тұған күні! – бауырсақтарын қайда?!» деп әзілдейтіні бар. Осылайша қасиетті жұма еске түсіріліп тұрады. Бүгін Рамазан Айттың бірінші күнінде арнайы Вл.Николаевич үшін Гауһардың шарлоткасын жасадым. Офистегілер шарлотканы ұнатып үлкен жылдамдықпен тауыстырып жатыр.. қонағымызға қалмай қалмаса болғаны (smile).

Гауһар, рецептіне көп рахмет! Бүгін кешке келетін қонақтарыма басқа да рецепттерінен жасап көруді жоспарлап тұрмын.. сайт ашқаның қандай жақсы!

– 3 жұмыртқа
– 1 стакан қант
– 1 стакан ұн
– майдалап тұралған 3-4 алма
– бал

Жұмыртканы кем дегенде 4 минут жақсылап миксерлеңіз. Қантты аз аздап қосып, қант толығымен еригенге дейін миксерлеңіз. Еленген ұнды да аз аздап қосып миксердің орта жылдамдығында араластырыңыз. Формаңызды сары маймен майлап, үстіне аздап ұн себелеңіз да, қамырдың жартысын құйыңыз. Тұралған алмаларды біркелкі етіп қамыр үстіне орналастырыңыз да, алмалардың үстіне қалған қамырды төгіңіз. Алмалардың көп болғаны жақсы. Енді, алдын ала қыздырылған духовкада пісіріңіз. Піскен шарлотканың үстіне бал жағыңыз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Тәтті бәліштер. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s